Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрі Аймағамбетов оқулықтан қате тапты

1404
(Жаңартылды 14:44 08.08.2019)
Мектеп оқулықтарында ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды. Халыққа сапалы оқулық керек", - деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бірнеше оқулық қайта қаралып жатыр 

Министр өзі де мектеп оқулықтарынан қате тапқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, орыс әдебиеті оқулықтарында кейіпкерлердің біресе аты, біресе фамилиясы жазылады. Бұдан бөлек, ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.

"Мен өзім әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде оқулықтардың 40 проценті мектептерге жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін осы жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

1404
Кілт сөздер:
қате, оқулық, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Қазақстанда оқулықтар 6,4% қымбаттады
Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді
Білім министрлігі оқушылардың сөмкесiн қалай жеңiлдетіп жатыр?
Бекшин оқулықтардың салмағы қанша болуы керек екенін айтты
Қазақстан мектептерінде жаңа оқулық енгізілуі мүмкін
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

823
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

823
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1729
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1729
Дональд Трамп

Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды саясаттанушы

0
Америкалық сенаторлар Алексей Навальныйға қатысты оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын енгізді. "Sputnik" радиосының эфирінде саясаттанушы Владимир Можегов осы жайында пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Америкалық бір топ сенатор Алексей Навальный төңірегіндегі оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын ұсынды, деп жазды республикашыл-сенатор Марко Рубионың сайты.

Бұл құжат "халықаралық құқықты ашық бұзуға", сондай-ақ, Навальныйдың "улануына" қатысы бар Ресейдің ресми азаматтарына шектеу шараларын егізуді көздейді.

Заң жобасы америкалық биліктен Ресей президенті Владимир Путин мен оның айналасындағылардың қаржысына қатысты не білетіні туралы конгресс алдында есеп беруін талап етеді. Сонымен қатар, ол Ақ үйді "Ресей химиялық және биологиялық қаруды жоятын АҚШ заңдарын бұзды ма? " деген сауалға жауап беруге міндеттейді.

Марко Рубиодан бөлек, құжатты республикашыл-сенатор Митт Ромни, демократтар Крис Кунс, Бен Кардин және Крис Ван Холлен мақұлдады.

Енді заң жобасын қабылдау үшін сенат пен өкілдер палатасы қолдап, АҚШ президенті қол қоюы тиіс.

"Sputnik" радиосының эфирінде Владимир Можегов сенаторлар бастамасына қатысты пікір білдірді.

"Бұл таза қоғамдық жұмыс. Бұл жерде қандай мәселе болуы мүмкін? Тіпті қисынға келмейтін дүние. Мұның бәрі кедейлердің пайдасына, сайлау алдындағы науқанды ушықтыруға қатысты әңгімеге келіп тіреледі. Ал Навальный туралы іс демократтардың күн тәртібінде тұр. Республикашылдар бұл мәселеге барынша немқұрайлылық танытып отыр. Менің ойымша, олар алдағы уақытта да бұл әңгімеге араласпайды. Трамптың өзі бұл жәйтті алыстан мұқият орағытып алып келді. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео оқиғаға қатысты барлық факті толық анықталған кезде ғана реакция таныту қажеттігін, ал қазір жағдайдың қалай өрбитіні түсініксіз екенін атап өтті", - деді Владимир Можегов.

Оның пікірінше, америкалықтардың немістерден Навальный туралы мәлімет алуына мүмкіндігі бар. Алайда олар ешқандай сауал жібермеген.

"Ол санкция салуға қандай да бір негіз болар еді. Бұл бұлыңғыр оқиға болғандықтан, Трамп оның тереңіне үңілгісі, демократтардың арбауына түскісі келмейді. Демократтар бұл тақырыпты күн тәртібіне батыл қояды, ал Трамп одан өзін алшақ ұстары сөзсіз", - деп есептейді саясаттанушы.

20 тамызда ұшақта Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлағандықтан, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер қандағы қант деңгейінің күрт түсіп кетуінен зат алмасу жүйесінің бұзылғанын мәлімдеді. Оған не түрткі болғаны әлі белгісіз, алайда Навальныйдың қаны мен зәрінен у табылған жоқ.

Кейінірек ол Германияға жеткізілді. Қыркүйек айының басында неміс үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" химиялық затынан уланғанын мәлімдеді. Мәскеу Берлин зертханасынан талдау нәтижесіне қатысты анықтаманы сұратқан болатын. Бірақ неміс тарапы үнсіз.

BND неміс барлау қызметінің 1990-шы жылдан бастап "Новичокқа" қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оны батыстың 20-ға тарта мемлекеті, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Чехия елдері де зерттеген.

Ресей президенттің 1992 жылғы жарлығына сәйкес, химиялық қару саласындағы зерттеуін тоқтатып, 2017 жылы осындай заттардың қорын толықтай жойып жіберген еді. Мұны химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым растады.

0