Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

Бас мүфти Құрбан айтта мал бағасын шарықтатып жіберетіндерге үндеу жасады

2553
(Жаңартылды 13:01 10.08.2019)
2019 жылдың 11 тамызы – Құрбан айттың бірінші күні 

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтай келе, отандастарын мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеді, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

"Баршаңызды қасиетті Құрбан айттың келуімен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ, Алланың амандығын тілеймін!", - деді

Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне: "Айт қабыл болсын!" айтып, ізгі тілектерін жеткізіп, алғысын жаудырады. Осы ретте Бас мүфти мұсылмандар қауымына ізгі ниетпен Жаратқанның жақсылығын тіледі.

Тағы оқыңыз: Құрбан айтта не істеуге болмайды - видео

"Туыс пен бауырға, көрші мен дос-жаранға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз. Осы игі дәстүрді қоғамда қайта жаңғыртып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуге шақырамын!", - деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Оның айтуынша, "құрбан"сөзі "жақын болу", "жақындау" деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді.

"Құрбан айтта орындалатын ең қайырлы амал – құрбан шалу. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Алайда, айт күндері мал бағасы қымбаттап кететін жағдай жиі болады. Осы ретте отандастарымды мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін. Өйткені, Құрбан айт – қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі", - деп толықтырды діни басқарманың төрағасы.

"Ұлық мейрамда жасайтын барша сауапты амалдарыңыз, қайырымдылық істеріңіз қабыл болғай! Қасиетті Мекке қаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшін дұға жасап жатқан ата-апаларымыздың, бауырларымыздың тілегі қабыл болғай! Алла Тағала баршамызды айттан айтқа аман-есен жеткізіп, ізгі істер мен қуанышты сәттерде басқосуымызды нәсіп еткей!", - деп түйіндеді Бас мүфти.

2553
Кілт сөздер:
құрбан айт, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораз
Тақырып бойынша
Құрбан айтқа дайындық: үнемдеудің ерекше тәсілі – видео
"Жеті адам ортақтаса алады": мешітте құрбандық шалу шарттары қандай?
Мүфтият Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын хабарлады
Мүфтият құрбандыққа шалынған малдың етін кімге тарату керек екенін айтты
Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды
Ауа райы

Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

8
(Жаңартылды 15:05 23.09.2020)
Апта соңына қарай елдің басым бөлігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, республиканың кей өңірлерінде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек - Sputnik. Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа-райының күрт өзгеретінін болжады. Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы үсікке ұласады.

"Аптаның ортасынан бастап Атлантикалық циклон Қазақстанның солтүстігі мен шығысына әсер етуін жалғастырады. Сондай-ақ, күзгі салқын ауа-райы қалыптасып, жауын-шашын мен жел күшейеді. Ал апта соңына қарай елдің басым бөлігінде ауа-райы батыс антициклонмен анықталады және жаңбыр біртіндеп тоқтайды деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде үсік жүреді", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Құрғақ және жылы ауа-райы елдің батыс өңірінде ғана сақталады.

24 қыркүйекте мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда жаңбырлы ауа-райы сақталады, күндізгі температура: +7 .. + 9 ° C, түнде: +1 .. + 3 ° C. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с, күндіз екпіні 15-20 м / с жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, жаңбыр күтілмейді. Температура түнде: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C.

Шымкентте бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C болады. Желдің жылдамдығы: 8-13 м / с.

Күзде ауа-райы қандай болады

Бұған дейін Қазгидромет қыркүйекке арналған ұзақ мерзімді болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің айтуы бойынша, айдың бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуі байқалды. Ал енді айдың соңына қарай мұндай ауа райы елдің оңтүстік облыстарында қалыптасады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Алматының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жиі жауады. Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облысы мен Қарағанды ​​облысының батысында нормадан аз түседі.

8
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

80
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

80
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды