Құрбан айт намазына келген шетелдіктер

"Өзімді бақытты сезінемін": Құрбан айт намазына келген шетелдіктер өз әсерімен бөлісті

583
Бүгін барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айттың бірінші күні басталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Елордада Құрбан айт мерекесіне арналған ойын-сауық шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астаналықтар таң атпай алдымен айт намазына асықты. Көшемен ағылған халықтың қарасы көп болды. Ал мешіттерде ине шаншар жер болмады. Адамдар көліктерін жолда тастап, мешітке тезірек жетуге тырысты. Намазға келгендердің ішінде шетелдіктер де көп болды. Мәселен, "Әбу-Даби Плаза" құрылысында жұмыс істеп жатқан мұсылман үндістердің көбісі Нұр-Астана мешітіне келді. Барлығы ақ киімдерін киіп, сапқа тұрды.

Елорда мешіттерінде ине шаншар жер болмады
Арман Асқар
Елорда мешіттерінде ине шаншар жер болмады

"Мен бұл жерде өзімді өте жайлы сезінемін. Біз әріптестерімізбен бірге жұма сайын осы мешітке келіп тұрамыз. Намаз оқып, Құран бағыштаймыз. Ал бүгін – ерекше күн, Құрбан айт мерекесі. Қазақстан тамаша мемлекет, адамдары да өте жақсы. Осында өзімді бақытты сезінемін", - деді Мұхамед Изхад Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Айт намазынан кейін Нұр-Астана мешітінің алдында жаппай ойын-сауық шаралары басталды. Бір жерде кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылса, енді бір жерде арқан тартыс пен қол күрес бәсекелері басталды.

Айт намазынан кейін мешіттің алдында жаппай ойын-сауық шаралары басталды
Арман Асқар
Айт намазынан кейін мешіттің алдында жаппай ойын-сауық шаралары басталды

"Құрбан айт деген тамаша мейрам ғой. Мінеки,  бүгін бәріміз намаз оқып шықтық, осында келген әрбір адамның тілегі болады. Бір сапта тұрғанда ерекше бір сезімге бөленесің. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мәселен, біздің отбасымыз осы күнді асыға күтеді, алдын ала дайындалады. Сосын балаларымызға, немерелерімізге осы дәстүрді жалғастыруға үйретеміз. Бүгін құрбандық шаламыз, туған-туыстарымызбен кездесеміз", - дейді елорда тұрғыны Дүйсетай Шәріпов.

583
Кілт сөздер:
шетелдіктер, құрбан айт, "Нұр Астана" мешіті, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Тақырып бойынша
Мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айт басталды
Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының уақыты жарияланды
Құрбандық шалу кезінде неге тыйым салынады?
Тоқаев Құрбан айт қарсаңында журналист пен қоғам белсендісіне кешірім берді
Жолаушылар пойызы

Қазақстанда жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

15
(Жаңартылды 11:58 28.09.2020)
Қазақстандықтар жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты ақпарат алу үшін "105" нөміріне хабарласа алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайтынын хабарлады.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды билетті онлайн, соның ішінде ресми Bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алуға шақырды. Сондай-ақ, вокзал аумағында және пойыздың ішінде санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды және бетперде киюді сұрады.

15
Кілт сөздер:
пойыздар, жолаушылар
Сауда орталығы

Қазақстанда қазан айынан бастап темекі сатудың тәртібі өзгереді

64
Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. 1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді. Яғни, бұл өнім енді міндетті таңбалануға жатады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерінің кез-келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы қолжетімді болмақ. Мұндай міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты контрафактілік өнімдерден – арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды.

Оқи отырыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекі өнімдерінің барлығы, ал 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – сигаралар мен сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты өнімдердің өзге де түрлері міндетті таңбалауға жатады.

Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен.

Қыркүйек айының басында бөлшек сауда орындарында бір қорап темекінің құны 489 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ке қымбат.

"Темекі қорабы Ақтөбе (534 теңге) мен Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түседі. Ең арзан баға Петропавл (468 теңге) мен Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 ​​теңге) қалаларында болып тұр", – деп хабарлайды агенттік.

Қазақстанда қанша адам темекі шегеді

Статистика комитетінің сауалнамасына сәйкес, қазір елімізде адамдардың 21,9% темекі тартса, 78,1% темекі шекпейді. Сондай-ақ, Қазақстанда тәулігіне 14,1 миллион дана темекі өнімдері шегілетін көрінеді.

64
Кілт сөздер:
сауда, темекі
Тақырып бойынша
Қай жерде темекі шегуге болмайды – мамандар жаңа заң талабын түсіндірді
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға темекі сатып алуға тыйым салынады 
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Сауда министрлігі темекі сату тәртібін түсіндірді
Абай даңғылының бойындағы тұрғын үй кешендері

Нұр-Сұлтан қаласының бет-бейнесі қалай өзгереді

0
Алдағы он жылда Қазақстанның бас шаhарының бет-бейнесі өзгеріп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі жайлы қалаға айналуы мүмкін, дейді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика жөніндегі орталығы әкімдікке жаңа идеялар ұсына отырып, қала инфрақұрылымын жақсарту туралы тұжырымдарын әзірлеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған жобалардың бірқатары жүзеге асырылды. Бас шаhарды одан әрі көркейту мақсатында атқарылатын жұмыс жоспары турасында орталық басшысы Елнар Базыкен айтып берді.

Адамдарға жайлы қала

Урбанистика орталығы әртүрлі топтың мүдделерін ескере отырып, қаланың қоғамдық кеңістік деңгейінде дамуының әлеуметтік-экономикалық стратегиясына арналған 2030 жылға дейінгі бас жоспарын ұсынды.

"Қала құрылымындағы өте маңызды элемент – қоғамдық кеңістік. Оның дұрыс басқарылуы біз үшін маңызды. Әлемде инвесторлардың, белсенді азаматтардың қоғамдық орындарды тиімді басқару тәжірибесі бар", – деді Базыкен қалаларды дамытуды қолдау жөніндегі QazUrban қауымдастығының ашылуында.

Орталық автокөліктер үшін емес, адамдардың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы қала құру идеясын насихаттайды. Ол үшін мүмкіндігінше, қоғамдық орындарды көптеп құру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды кеңейту және велосипед жолақтарының ұзындығын арттыру жоспарлануда.

Триатлон саябағындағы спорттық ойындар мен таза ауада демалуға арналған көпірасты кеңістік үлгісімен қаланың басқа бөліктерінде де, мәселен Пушкин көшесіндегі көпір астында осы тектес демалыс орындарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Подмостовое пространство на улице Пушкина в Нур-Султане
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтандағы Пушкин көшесіндегі көпірасты кеңістік

Сонымен қатар, орталық Нұр-Сұлтандағы "Астана" саябағынан бастап, Бейбітшілік пен келісім сарайы маңындағы президенттік саябаққа дейінгі барлық үлкен саябақтар біріктірілетін болады.

План объединения парков Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының саябақтарын біріктіру жоспары

Қоғамдық орындарға келетін болсақ, мұнда жасыл желекті көбейту, субұрқақтар мен қаланың бірқатар ауданында орындықтары мен әткеншектері бар демалыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Мәселен, Омаров көшесінің бойында Қазан қаласындағыдай (Татарстан) субұрқақтар кешенін орнату көзделуде.

"Біздің балаларымыз сумен ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан, арық бойында су ойындарына арналған алаңқай ашқымыз келеді. Қазір бұл жоба жүзеге асырылып жатыр. Келер жылы қала тұрғындары нәтижені көрген кезде қатты қуанады деп ойлаймын", – деді Елнар Базыкен.

Благоустройство улицы Омарова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Омаров көшесін көркейту

Елорданың солтүстік жағалауындағы Абай даңғылы, Сәтпаев және Петров көшелері де түрленіп, көркейетін болады.

Бұл жерлерде урбанистер көше құрылымын өзгертіп, велосипед жолдарының орнына велотұрағы бар велосипед жолақтарын жасағысы келеді.

Болашақта ол былай көрінуі мүмкін.

Благоустройство улицы Петрова
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Петров көшесін көркейту

"Ескі алаңдағы жобаға бөлек тоқталып өтейін. Ол өте көпфункционалды жоба. Біз қалалық орман, амфитеатр аймағын құруды көздейміз. Онда адамдар кішігірім концерттер мен іс-шараларды өткізе алады және осы жерге өте керемет субұрқақ орнатқымыз келеді", – деді елорда әкімдігінің алдындағы алаңда абаттандыру жобасының нобайын көрсеткен орталық басшысы.

Благоустройство площади перед акиматом Нур-Султана
© Photo : Центр урбанистики Нур-Султана
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алдындағы алаңды көгалдандыру

Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы – консультативтік-кеңесші орган. Бірақ Елнар Базыкеннің айтуынша, көптеген шешім уәкілетті органдармен келіссөздер арқылы жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта урбанистер өз идеяларын толық жүзеге асыра ала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ал ұсынылған бас жоспар кемінде он жылға есептелген.

0
Кілт сөздер:
қала, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды
"Келіншегімен жататын төсегі де жоқ": жастар мәселесін көтерген депутат неге ашынды?
Шымкенттің жаңа әкімі Тоқаевтан қандай тапсырма алғанын айтты
"Миллиондаған адам кәсібін ауыстырады" Назарбаев болжам жасады
Қазақстанда тағы екі қалаға республикалық мәртебе беріледі