Тальго жолсеріктерінен зардап шеккен әйел

Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео

23016
(Жаңартылды 18:07 12.08.2019)
Жолсеріктерден зардап шеккен әйел заңды қатаңдатуды сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Тальго" пойызының жолсеріктері зорлаған әйел бүгін ел алдына шығып, басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қайғы-қасіретке душар болдым"

"Мен, шынымен, қайғы-қасіретке душар болдым. Ең сұмдығы – оқиға қоғамдық көлікте болды. Бізде халықтың сексен проценттен астамы пойызбен жүреді. Мен де дәл осы пойызда зорлық-зомбылыққа тап болдым. Бұл жай ғана пойыз емес, жоғары санаттағы, люкс пойыз", - деді ол астанада жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту туралы өткен дөңгелек үстелде.

Қыздың айтуынша, сол күні ол ғылыми конференциядан үйге қайтып бара жатқан.

"Сол пойызға кешігіп бара жатқан едім. Алла мені, мүмкін, сынаған шығар. Жүруіне үш минут қалған кезде кіріп үлгердім. Пойызға билет сатып алған уақытта өз өмірім үшін алаңдаған жоқпын, жолсеріктердің кәсібилігіне сендім. Мен әлі күнге дейін өз-өзіме келе алмай жатырмын. Мені танитындар біледі, сол оқиғадан бері әлі бірде-бір жоба жүзеге асқан жоқ. Өзім бизнесменмін, фирмамды сатуға тура келді", - дейді зорланған қыз көзіне жас алып.

Жәбір көрген қыз әділдік орнату үшін он ай бойы күрескен.

"Мен зорланғанымды он ай бойы дәлелдедім. Түрлі алып-қашпа әңгіме, қауесеттер айтылды. Он айға созылған күрестен кейін кейбіреулердің менің басымдағы жағдайды "бұлыңғыр оқиға" деп атағанын естідім. Ешкім жәбірленушіні жақтамайды. Бәрі саған ақша ғана керек деп ойлайды", - дейді әбден ашынған қыз.

"Бәрі неге айғайлаған жоқсың деп сұрайды"

"Бәрінің көкейінде бір сұрақ: ол неге айғайлаған жоқ? Міне, осы жерде психологтар отыр. Әрбірінің реакциясы әртүрлі. Менің даусым шықпай, қозғала алмай қалдым. Бұл менің реакциям. Таңғы төртте ұйықтап жатқан кезде, белгісіз бір адамның үстіңе құлағаны қандай қорқынышты сезім екенін түсіне алмайсыздар. Өзіңнің қайда екеніңді білмейсің. Жабық кеңістік. Ең бастысы, өлтіріп тастамасын деп ойлайсың. Тергеушілер неге айғайлаған жоқсың деп көп сұрады. Менде үнемі мынадай сұрақ туындайды: сіздер, шынымен, мен екінші зорлықшы қашан келеді екен деп күтіп жатты деп ойлайсыздар ма? Мен "шокта" болдым", - деп жылады жәбірленуші.

Айтуынша, сотталған жолсерік қызбен бір купеде болған жолаушыларды басқа орындарға жіберген.

"Мен купеге кірген кезде, жолсерік сыра ішіп отырды. Ол бұған алдын ала дайындалды. Менен сол күні мас болдың ба деп көп сұрады. Мен жолсерікпен сыра ішкен жоқпын", -дейді қыз.

"Тергеушілер маған емес, жолсеріктерге сенді"

Жәбір көрген қыз тергеушілердің екі тарапты татуластыруға мүдделі болғанын айтады.

"Мен видеоны қараған кезде, сотталушылар менің байланыс телефонымды тергеушілер бергенін айтты. 28 қыркүйек күні олар маған хабарласып, ата-анама бара жатқанын айтты. Мен олардан әке-шешеме бармауын өтіндім. Менің ата-анам қарт кісілер. Бірақ тергеушілер ештеңе істеген жоқ, жолсеріктердің сөзіне сенді", - дейді ол.

Жәбірленуші тарап істі Қостанайдан Ақтөбеге ауыстыру туралы қолдаухат түсірген.

"Істі Қостанайдан Ақтөбеге 17 қазаннан 27 қарашаға дейін тапсырды. Яғни, істі тапсыруға бір айдан астам уақыт жұмсады. Мен тергеушіге бардым. Олар мені сараптамаға жіберді. Психологиялық сараптамаға сотталушылармен бірге жіберді. Бәріміз бір кезекте тұрдық. Тергеушілерге осы жайлы айтқанымда, субординация сақтап, даусыңды бәсеңдет деді. Олар маған ақша ұсынды.

Ол ақшаны мен екі ай ішінде таба аламын. Табысым жаман емес.  Мен бас тарттым, олардың жазаланғанын қаладым. Жолсеріктер бірнеше рет берген жауаптарын өзгертті. Ата-анама шақыру қағазы келген кезде, мен көлік прокуратурасына арыз жазуға бардым. Менімен сөйлесіп, менің кім екенімді көрген кезде, іс кішкене қозғалды. Сараптама қорытындысы келгеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді", - дейді ол.

Айтуынша, тергеу барысында сотталғандардың туысқандары қыздың соңына түсіп, отбасына маза бермеген.

"Жәбірленуші ретінде жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдатуды өтінемін. 2,5 жыл деген әділ жаза деп ойлайсыздар ма? Балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймын. Бейнебақылау камерасы болғанда, осыншама уақыт дәлелдеуге тура келмес еді", - деді жәбірленуші.

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға

2018 жылдың қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) жантүршігерлік оқиға туралы жазды.

Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады. Осылайша Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін 29 шілде бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов, жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы зорланған әйелден кешірім сұрады.

23016
Кілт сөздер:
әйел зорлау, видео
Тақырып бойынша
Жолсеріктер пойызда әйел зорлады: бас көлік прокуроры мәлімдеме жасады
"Көлікте бір топ еркек отыр" Жолсеріктер зорлады деген қыз қысымға ұшырағанын айтты
Тальго жолсеріктері пойызда әйел зорлады: ҚТЖ мәлімдеме жасады
"Жан дүнием күйреді": Пойызда зорланған әйел қазақстандықтарға үндеу жасады
Архивтегі фото

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  

2378
(Жаңартылды 12:43 13.08.2020)
Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдік Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық тергеу департаменті мен Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: ҰҚК гаражды жасырын зертханаға айналдырған ер адамды ұстады

Құқық қорғаушылар Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Күдіктілер Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан. Ал заңсыз тауарды Нұр-Сұлтан қаласында таратқан.

"Есірткі Интернет желісіндегі "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "закладок" деп аталатын жолмен сатылған.  Тінту кезінде есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен құрал-жабдықтар табылды", - делінген ресми хабарламада.  

Ұсталған адамдар комитеттің тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхананы анықтаған болатын. 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіретін жасырын зертхана ашқан. Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

2378
Кілт сөздер:
операция, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тақырып бойынша
Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады
Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топты ұстады  
Алматы облысында "Нұр жолы" бекетінде сегіз кеденші ұсталды
Жол жиегінде тұрған троллейбустар, архивтегі сурет

Алматы троллейбустан бас тарта ма: Сағынтаев жауап берді

81
(Жаңартылды 10:48 13.08.2020)
Мегаполис әкімі пандемияға байланысты желілерді жаңартуға бөлінген қаражат үш есеге қысқартылғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, "Алматы" телеарнасында Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде троллейбус инфрақұрылымын жаңғырту туралы тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирустың кесірінен барлығына шығындар азайтылды. Бізді троллейбустардың жағдайы қызықтырады. Көбіне байланыс желілері істен шығып, троллейбустар көшедегі қозғалысты жиі тоқтатып жатады. Бәлкім, трамвай сияқты, троллейбустан да бас тартқанымыз жөн болар," - деп сауал қойды қала тұрғыны.

Сағынтаев өз жауабында бұл мәселе күн тәртібінде емес екенін айтты.

"2019 жылы біз олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау бағдарламасын қабылдадық. Биыл пандемияға байланысты бұл шығындарды біршама төмендеттік, ол жоспарланған 5 миллиардтың орнына 1,7 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін шамамен 16 көшенің желісі жаңғыртылатын болады", - деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, троллейбус инфрақұрылымын толық жаңғырту, оның ішінде 172 шақырым байланыс желісін ауыстыру 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.

"2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Райымбек, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшесінің бойында, Рысқұлов пен Райымбек даңғылының бойындағы байланыс желісінің тіректерін бөлшектеу және орнату жоспарлануда", - деп толықтырды Сағынтаев.

Айта кетейік, кабельдік және байланыс желілеріне күрделі жөндеу соңғы рет 2000 жылы жүргізілген.

Алматыда троллейбустар қай кезден бері жүреді?

Алматы қаласында алғашқы троллейбус соғыс кезінде – 1944 жылдың 20 сәуірінде іске қосылды. 1960 жылы троллейбус желісінің ұзындығы 34,4 шақырымға жетсе, он жылдан кейін – 151 шақырымды құрады.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: Алматыда троллейбус кептелісі болды

Сағынтаевтың айтуынша, қазір троллейбустардың жалпы саны 194. Алайда, бүгінгі таңда Алматыда күн сайын сегіз бағдар бойынша 160 троллейбус орта есеппен 120 мың адамға қызмет көрсетеді. Айына 2,5 – 3 миллион жолаушы аталған көліктің қызметін пайдаланады.

Ал троллейбус желісінің жалпы ұзындығы 191 шақырымды құрайды.

81
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, қоғамдық көлік, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының саны 80%-ке азайды
Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған
Әлеуметтік желі

Өңірдің бас полицейінің ұлы түсірген видео жарияланып кетті: оқиғаның мән-жайы

542
(Жаңартылды 17:32 13.08.2020)
Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Мақсұтхан Әбләзімовтің кәмелет жасқа толмаған ұлы көлікті кәуліксіз айдаған. Сол үшін жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтық полицияға сілтеме жасап.

Бас полицейдің ұлы көлікпен жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Полицейлер мониторинг жасағанда бірнеше видеоның Орал мен Ақтауда түсірілгенін анықтады. 

Көлікті басқарған жасөспірім анасымен бірге тұрады. Ол - Мақсұтхан Әбләзімовтің бұрынғы жұбайы. Екеуі 10 жыл бұрын ажырасқан. Баласы анасымен бірге қалған.  

"Жасөспірімнің анасы – 1967 жылы туған А.Г. Ақтау қаласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабының 2-тармағы ("кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы") бойынша жауапқа тартылды. Ал Орал қаласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту")  бойынша жаза қарастырылған (50 АЕК, яғни 138 900 теңге көлемінде айыппұл - Sputnik)", - деді полицейлер. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ. 

Ақтаудағы жаназа 

Тамыздың басында Ақтау қаласында карантиндік шараларға қарамастан, жаназаға жүздеген адам жиналған болатын. Көшеден жүрген адамдар оны видеоға түсіріп алды. 

ІІМ генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова қайтыс болды.

Желі қолданушылары облыстық полиция басшысы мен санитарлық дәрігерді қызметінен босату қажет деп шықты. Шараға қатысқан барлық шенеунікке қатысты қызметтік тергеуді жүргізу керектігін айтты. 

Артынан полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады. Алайда қоштасу рәсімін ұйымдастырғандар карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды. 

 

542
Кілт сөздер:
желі, видео, полицей, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарады - жұрт нені талап етіп отыр
Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскеридің секірген сәті видеоға түсірілген
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды