Бал

Дәрігерлер балдың ешкім күтпеген қаупін айтты

8225
Суық тигенде бал қосылған ыстық шәй ішудің адам денсаулығына пайдасы шамалы, деп санайды мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Адам денсаулығына зияны тимес үшін балды түске дейін екі қасық қана жеуге болады. Бұл өнімнің пайдасы әсіре бағаланған, сол себепті оған кәдімгі тәтті ас ретінде қараған жөн. Алайда бал мен ішімдікті қатар пайдалану, сондай-ақ балдан жасалған ішімдік ішу бауыр циррозына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости дәрігерлер арасында сауалнама жүргізіп.

"Зияны тимеу үшін екі-ақ қасық жеу керек. Түске дейін жеп, күні бойы белсенді қимылдаған жөн", - деді Сеченов университетінің емханалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверов.

Оның айтуынша, балдың құрамында жасушалардың қышқылдануына жол бермейтін антиоксиданттар, дәрумендер мен адамға қуат беретін фруктоза бар.

Бірақ балдың пайдасын әсіре бағалайды, деп санайды диетолог дәрігер, терапевт Елена Тихомирова. Оның айтуынша, балдың пайдасы тию үшін көп мөлшерде жеу керек, бірақ құрамында көмірсу көп болғандықтан бал аса құнарлы тағам, сол себепті аздап жеген дұрыс.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты

Мамандардың пікірінше, ұяшықтардағы балды сатып алған жөн, себебі мұндай өнімнің сапасы жоғары әрі табиғи болады.

Тихомированың сөзіне сүйенсек, суық тигенде бал қосып шәй ішкеннен адам жазылып кете қоймайды, өйткені ыстық шайда еріген бал пайдалы қасиеттерінен айырылады екен.

"Бұл жәй әшейін адамның көңілін көтеру үшін қалыптасқан ұғым. Адамға суық тиіп, ауырып жатқанда, сәл де болсын жадырасын деп, сол кездегі жалғыз тәтті-дәмді – бал беретін болған", - деп түсіндірді маман.

Семіздікке шалдыққан, сондай-ақ гүлге немесе ара уына аллегриясы бар адамдарға бал жеуге болмайды, деп ескертті дәрігер.

Тағы оқыңыз: Ер адамның жыныстық қуатын арттыру үшін не істеу керек? 

Буеверовтың айтуынша, ішімдік пен балды бірге пайдалану адам денсаулығына өте қауіпті. Сондай-ақ балдан жасалған ішімдікті көп ішу бауырдағы қабыну процестерін туғызып, циррозға әкеп соғуы мүмкін.

"Әрине, бәрі жиілік пен мөлшерге байланысты. Айына бір бокал ішсе түк етпейді, ал егер тұрақты қолданатын болса, бауырда өзгерістер туындап, тіпті циррозға шалдығу қаупі болуы мүмкін", - деп атап өтті дәрігер.

8225
Тақырып бойынша
Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Қатерлі ісік пен диабеттен құтқарады – ғалымдар ағзаға пайдалы өнімді атады
Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады
Тоя тамақ ішіп те оңай арықтауға болады – ғалымдар кеңес берді
Дәріхана, архивтегі сурет

COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты

188
Министр қазіргі уақытта көптеген адамдар дәрігерден кеңес алмай, өзін-өзі емдеумен айналысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер. 

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

188
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Коронавирус, тест

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

236
Бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастардың жалпы санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекцияның 47 171 жағдайы тіркелген. Бір тәуліктің ішінде 1 452 науқас анықталды. Күнделікті өсім 3,2 процентті құрап отыр. Қайтыс болғандардың саны - 232 адам, бір тәуліктің ішінде, шамамен, 18 науқас", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа екінші рет шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Кей кезде тесттің нәтижесі қате шығады.  

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Себебі науқастардың неден қайтыс болғанын анықтау үшін зерттеу жүргізу керек.

236
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
"Бір апта ауырды": қазақстандық актер қайтыс болды
Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
Қазақстанда ПЦР-тестке 34 миллион доллар бөлінеді