Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

3406
Интернетте шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдап кететін алаяқтар көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі шетелге заңсыз жұмысқа шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтар Норвегияға баруға асығады

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгінде Норвегияда заңсыз мауысымдық жұмыс істейтін қазақстандықтар бар. Олар Еуропаның басқа мемлекеттері арқылы шенген визасын алып, сол елге баруға асығады. 

"Қазақстан азаматтарының Норвегияға заңсыз маусымдық еңбек көші-қон жағдайларына байланысты қоғам назарына келесі мәліметті жеткіземіз. Маусымдық жұмысқа рұқсатты рәсімдеу жөніндегі норвегиялық ережелер өте қатаң. Сондықтан Норвегияға Қазақстандағы басқа Еуропа мемлекеттерінің елшіліктері арқылы рәсімделген шенген визасымен баруға және осы елдің аумағында құжаттарды маусымдық жұмысшы ретінде беруге рұқсат етілмейді", - деді Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті рұқсаттар мен визаларды Норвегияның Мәскедеугі елшілігі ғана береді. Барлық талап осы дипломатиялық миссияның ресми сайтында көрсетілген.

"Маусымдық келісімшарт Норвегияда алты айдан аспайтын уақыт істеуге мүмкіндік береді. Ал оның мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетуді талап етеді. Интернетте өздерін шетелде жұмысқа орналастыратын агент ретінде жарнамалайтын  "делдалдар" бар, азаматттарды осы алаяқтардан сақ болуға шақырамыз", - деп атап көрсетті Смадияров.

"Адамдар алданса да, ештеңе айтпайды"

Министрліктің ресми өкілі шетелде жұмысқа тұрғызуды ұсынатын компаниялардың көбейіп кеткенін де жеткізді. Интернетте олардың жарнамалары өріп жүр. Аталған компаниялар жұмысқа тұрғызуға кепілдік бермейді. Бірақ ақшаны алып қалады. Ал Қазақстан азаматтары шетелге барғаннан кейін алданып қалғандарын түсінеді.

"Делдалдар жарнама жасап, шетелде жұмысқа тұрғызамыз дейді. Алайда адамдар сол жаққа барғаннан кейін алданып қалғандарын түсінеді. Елшілікке барып, көмек сұрайды. Сондықтан алдымен баратын елдің заңдары мен ережелерін оқып алған дұрыс. Сөйтіп, бәрін заңды түрде жасаған жөн", - дейді Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар көп жағдайда Еуропа елдеріне, сондай-ақ, Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп барады. Бірақ көбісі алданып қалғандарын айтқысы келмейді. 

"Қазақстандықтардың Чехия мен Ұлыбританияға заңсыз барып, жұмыс істеу фактілері де бар. Олар туристік визамен кіреді де, сол жерде заңсыз жұмыс істеп кетеді. Ал оларды жіберген компаниялар қажетті құжаттарды әне істеп береміз, міне істеп береміз деп, алдап отырады. Иә, көп адам алданып қалғанын айтқысы келмейді. Содан арыз беріп шағымданбайды. Елшілікке барып, жағдайларын айтады. Болды. Бірақ ары қарай ішкі істер органдарына бармайды. Сондықтан барынша сақ болу керек", - деп ескертті Смадияров.

"Әсіресе, интернетте Оңтүстік Кореяда жұмысқа тұрғызамыз дейтін делдал компаниялар көп. Олар өз қызметі үшін 2000-4000 доллар алады. Бірақ ешқандай кепілдік бермейді. Ал Кореяға заңсыз барған адам не істейді? Әрине, берген ақшасын қайтарып алуға тырысады. Сондықтан заңсыз жұмыс іздеп кетеді", - деп түйіндеді Смадияров.

3406
Тақырып бойынша
"Төмендету бар сияқты": атамекеніне алғаш рет келген Өзбекстан қазағының әңгімесі
"Жаныңнан өте шығады" Жас кәсіпкер Нью-Йорктегі қазақтардың араласпайтынына қынжылды
Шетелде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде көз жұмды
"Әр түні осы" Адам төзгісіз жағдайға тап болған алматылық әйелдің әңгімесі
Көлікке тиелген табыт

Нұр-Сұлтанда крематорий салынады

501
Крематорийді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды.

Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.

"Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту", - делінген хабарламада.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаны қолдап немесе қарсы екенін айтып  дауыс берген жоқ.

Алматыдағы крематорий

Айта кетейік, крематорий құрылысына қатысты жоспар осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Сол кезде әділет министрлігі алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік комиссия ведомствоға Қазақстанның мегаполистерінде крематорий салу мақсатында бюджеттік өтінімді әзірлеуді және енгізуді тапсырды.

Алматы мемлекеттік активтер басқармасында құрылысқа тендер жарияланды.

Техникалық ерекшелік бөлігінде болашақ тапсырысты орындаушы жергілікті жердің сейсмикалық ерекшеліктерін ескеруі қажет екені көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз

Крематорийді екі пеші бар бір орынды етіп жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар әкімшілік нысандарда ауаны желдету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесін орнату қажет.

501
Кілт сөздер:
жерлеу, зират
Тақырып бойынша
"Жерлеу құны 500 мың теңге": Қарағанды облысының әкімі жағдайды түсіндірді  
Мүфтият жаназа мен жерлеу талаптарын жариялады
Қашан және Астананың қай жерінде жаңа зират пайда болады
Қостанайда "зират қиратылды" деп ақпарат таратқан әйел жазаға тартылады
"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Планшет, оқушы

"Көмектесуді сұраймыз": Қазақстанда қайырымдылық акциясы басталды

95
(Жаңартылды 17:45 11.08.2020)
Қазақстанда оқушыларға компьютер таратуға арналған қайырымдылық акциясы басталды. Республикалық акция аясында ақша аударуға немесе үйде тұрған артық техниканы тапсыруға болады 

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі "OQY'SHYNY QOLDA!" республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, акция аясында демеушілік қаржыға компьютер, планшет пен ноутбуктар сатып алынады. Сосын нақты санатқа кіретін оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі. 

"Біз барлық қазақстандықтардан және кәсіпорындардан, компаниялар мен ұйымдардан акцияға қатысуға және балаларға қашықтан оқуға көмектесуді сұраймыз", - деді Иманғалиев.

Оның сөзіне қарағанда, демеушілер мен меценаттардың ақшасына сатып алынатын компьютерлік техника алдымен ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетімдерге беріледі. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, мүгедек ата-анасы бар балаларға, сондай-ақ, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға таратылады. Ауылдың балаларына да беріледі. Бүгінде министрлік 20 мың баланың тізімін бекітіп берді. 

"Атамекен" ҰКП мен "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі де қайырымдылық акциясын іске асыруға көмектеседі.

Арнайы сайт ашылды 

Барлық демеушілік көмек www.qoldau.edu.kz арқылы қабылданады. Ал сатып алынған техника мектептерге тапсырылады. Сайтта баланың жеке сәйкестендіру нөмірінің соңғы алты цифрын енгізіп, компьютерді ала ма, жоқ па, соны тексеруге де болады. 

"Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шынқысбаеваның айтуынша, сайтта барлық реквизиттер көрсетілген. Соған ақша аударуға болады. Демеушілер өз мектебін де таңдай алады. Үйде тұрған артық компьютерлік техниканы да тапсыруға болады. 

"Мектепті таңдағаннан кейін техникаға мұқтаж балалардың тізімі шығады. Ал үйде тұрған артық техниканы беремін десеңіз, сайтта көрсетілген байланыс орталығына хабарласуға болады. Біз серіктестерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Мүмкіндік болса, қолданылған компьютерді бір жерге жинаймыз да, жөндеп, қалпына келтіреміз. Сөйтіп, мектептерге тапсырамыз", - деді ол.  

Министрдің уәдесі 

Биыл жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Дегенмен, бүгінде компьютерлік техниканың тапшылығы өзекті болып тұр. Мәселен, қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес. Олардың саны 185 мың адамнан асады. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

Министр 1 қыркүйекке дейін 500 мың компьютер таратуға уәде берген. Соның бәрі балаларға мүлікті тапсыру актілерімен таратылады. Бұдан бөлек, 24 мың мұғалімде техника жоқ. Оларға мектеп техникасы уақытша беріледі. 

Оқушыларға арналған техниканың ақшасы ұрланды 

Өткен аптаның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген қаржының ұрланған хабарлады. 

Ресми мәліметке сәйкес, "БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мамыр айында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мердігерлік ұйымның бір топ адамымен бірлесіп, 100 дана ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

 

95
Кілт сөздер:
қайырымдылық, компьютер, оқушы
Тақырып бойынша
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздік: Сапарбаев оқиғаға не себеп болғанын айтты

0
(Жаңартылды 08:50 12.08.2020)
Кеше, 11 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданының Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге тамыздың 10-нан 11-не қараған түні  бірнеше үйінің және кітапхана ғимаратының терезелерін сындырған бір топ жастардың бұзақылық әрекеті себеп болды. Олардың барлығы ұсталынып, Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Дабыл түсе салысымен бірден оқиға орнына полицейлер, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары аттанған. Жағдай жедел бақылауға алынып, барлық бұзақылар қолға түскен. 

"Біздің қоғамда ешкім алауыздық туғыза алмайды, және бір топ жастардың бұзақылық әрекеттерінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ", - дейді ауыл ақсақалы Махмуд Теміров.

Бердібек Сапарбаев жастар, әсіресе бұзақылыққа қатысты жастардың ата-аналары арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Айта кету керек, олардың бірқатары кездесуге арнайы қатысты. Олардың атынан ұсталған жігіттердің бірінің атасы Аманжол Ділдабеков сөз алып, болған оқиға туралы естігенде «жағасын ұстағанын» жасырмады.

"Мен Қасқабұлақ ауылының тұрғындарынан балаларымызды бақылай алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын", - деді ол.

Бердібек Сапарбаев мұндай жағдайға не себеп болғанын айтты.

"Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата-анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол - Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек", - деді әкім.

Қасқабұлақтағы жағдай

Кеше, 11 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  

Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді.

0
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, тәртіпсіздік, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Басқа өңірлерден келген: Шорнақ ауылының маңында 80 адам ұсталғаны белгілі болды
Қордайдағы қақтығыс: ішкі істер министрлігі тың дерек жариялады