Ақжарқын Тұрлыбай мен оның адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Министрлік Қытайдан хабар күтіп отырғанын мәлімдеді

1393
(Жаңартылды 18:49 14.08.2019)
 Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерделеп жатыр, іс екінші инстанцияға жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі 2015 жылы Қытайда сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі кезде Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерделеп жатыр. Аталған іс екінші инстанцияға жолданды.

"Біз аппеляциялық шағым бойынша екінші отырыстың өтетін уақыты туралы Қытайдан хабар күтіп отырмыз. Әзірше ол отырыстың датасы белгісіз. Министрлік және елшілік аталған істі жіті бақылауда ұстап отыр", - дейді Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық дипломаттар Ақжарқынға жиі барып тұрады.

"Олар ата-анасының хаттарын апарып отырады. Оған кітап сатып алып береді. Ақжарқынның жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түсірген жоқ", - деп атап көрсетті Смадияров. 

Тағы оқыңыз: Қытайда көз жұмған қыздың әпкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Ақжарқын Тұрлыбайдың өмірбаяны

Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне оқуға түскен. Үшінші курстан бастап түнгі клубта даяшы болып жұмыс істеп, табыс таба бастаған. Қытайға құрбысына тауар әкелуге көмектесу үшін барыпты.

Көркем әдебиеттер оқиды

Бұған дейін Sputnik Қазақстан сауалына жауап берген сыртқы істер министрлігі бюдждет есебінен адвокат жалданғанын мәлімдеді.

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Түрмеде Ақжарқын Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Көркем әдебиеттер оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

Тұрлыбайдың ісі ҚХР Гуандун өлкесі Жоғарғы халық сотының қарауында жатыр.

1393
Кілт сөздер:
министрлік, Ақжарқын Тұрлыбай
Тақырып бойынша
Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының әке-шешесіне жазған хаты жарияланды
Қытай 15 сотталған қазақстандықты еліне қайтарды
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай немен айналысып жатыр?
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы қызына қатысты бар шындықты айтты
Медицина қызметкері

Қазақстанда бір тәулікте 691 адам COVID-19 жұқтырды

9
(Жаңартылды 09:36 12.08.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 691 адамда коронавирус расталды.

"Елде барлығы 100 855 адамда вирус анықталды. Өткен тәулікте 691 жаңа жағдай тіркелді. Оның ішінде 377 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы", - делінген ведомствоаралық комиссияның ақпаратында. 

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 143 / 105
  • Алматы қаласы - 97 / 75
  • Шымкент қаласы - 7 / 1
  • Ақмола облысы - 50 / 27
  • Ақтөбе облысы - 16 / 6
  • Алматы облысы - 22 / 15
  • Атырау облысы - 21 / 18
  • Шығыс Қазақстан облысы - 75 / 26
  • Жамбыл облысы - 19 / 16
  • Батыс Қазақстан облысы - 45 / 20
  • Қарағанды облысы - 66 / 9
  • Қостанай облысы - 29 / 17
  • Қызылорда облысы - 9 / 6
  • Маңғыстау облысы - 15 / 11
  • Павлодар облысы - 26 / 8
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 35 / 10
  • Түркістан облысы - 16 / 7.
9
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады
Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді
Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Көлікке тиелген табыт

Нұр-Сұлтанда крематорий салынады

523
Крематорийді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды.

Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.

"Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту", - делінген хабарламада.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаны қолдап немесе қарсы екенін айтып  дауыс берген жоқ.

Алматыдағы крематорий

Айта кетейік, крематорий құрылысына қатысты жоспар осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Сол кезде әділет министрлігі алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік комиссия ведомствоға Қазақстанның мегаполистерінде крематорий салу мақсатында бюджеттік өтінімді әзірлеуді және енгізуді тапсырды.

Алматы мемлекеттік активтер басқармасында құрылысқа тендер жарияланды.

Техникалық ерекшелік бөлігінде болашақ тапсырысты орындаушы жергілікті жердің сейсмикалық ерекшеліктерін ескеруі қажет екені көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз

Крематорийді екі пеші бар бір орынды етіп жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар әкімшілік нысандарда ауаны желдету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесін орнату қажет.

523
Кілт сөздер:
жерлеу, зират
Тақырып бойынша
"Жерлеу құны 500 мың теңге": Қарағанды облысының әкімі жағдайды түсіндірді  
Мүфтият жаназа мен жерлеу талаптарын жариялады
Қашан және Астананың қай жерінде жаңа зират пайда болады
Қостанайда "зират қиратылды" деп ақпарат таратқан әйел жазаға тартылады
"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Алматы қаласы

Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

0
Оқиға Түрксіб ауданында болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті себебін анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 12 тамыз — Sputnik. Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті.

Пожарные
© Sputnik / Стрингер.
Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды

Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды.  

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды

Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.

0
Кілт сөздер:
Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді – видео
Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды
Таразда супермаркет өртеніп кетті
Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео
Қазақстанда әкім пневмониядан қайтыс болды