ҰБТ, архивтегі сурет

Министр ҰБТ-ға қандай жаңашылдық енгізілетінін айтты

4391
(Жаңартылды 15:02 16.08.2019)
ҰБТ тапсыру жүйесін біртіндеп электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Болашақта қазақстандық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсыра алады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім министрлігі ҰБТ өткізу процедурасын өзгертуді жоспарлап отыр.

"Оқушылар түрлі әдіспен жүйені "алдап соққысы" келетіні жасырын емес. Телефон алып кіреді, балды өз білімімен емес, көмекші құралдардың көмегімен жинау туралы көбірек ойлайды. Сондықтан біз ҰБТ тапсыру жүйесін біртіндеп электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Осындай жоспарымыз бар", - деді министр тамыз конференциясында.

Участники августовской конференции
© Sputnik / Абзал Калиев.
Тамыз конференциясына 2 мыңға жуық мұғалім жиналды

Аймағамбетов ҰБТ гранттардың ашық әрі әділ бөлінуіне кепілдік беруі қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, астанадағы Тәуелсіздік сарайында президенттің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп жатыр. Жиынға республиканың түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық мұғалім келген.

4391
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, ҰБТ
Тақырып бойынша
"Бұл жақсы идея еді": Тоқаев үкіметке шұғыл тапсырма берді
"Бір орында тұрмай, ілгерілеуіміз керек": Тоқаев мұғалімдерге үндеу жасады
Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды
Жаңа білім министрі мектептерге Әліппені қайтаруға уәде берді
Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1126
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1126
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

137
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

137
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы