Бала ойнап отыр, архивтегі сурет

Тоқаев өзінің атына келіп түскен өтінішке жауап берді

6232
(Жаңартылды 19:35 18.08.2019)
Президент науқас балаларға арналған балабақша мен мектеп тәрбиешілерінің мәселесі шешілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik.  Науқас балаларға арналған балабақша мен мектеп тәрбиешілері президентке құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақы көбейту жөнінде өтініш жолдаған. Тоқаев бұл мәселені келесі жылы үкімет қарастыратынын айтты.

"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Тамыз конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырған болатын. Ол білім саласында жалақы ең аз екенін атап өтті. Орта жалақының небәрі 65 процентіне тең.

6232
Кілт сөздер:
жалақы, тәрбиеші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме - министр жауап берді
Тоқаевтың тапсырмасы: министр мұғалімдердің жалақысын көтеру қашан басталатынын айтты
Енді мұғалімдер аптасына бес күн жұмыс істейді
Аттестациялау жүйесі: тестілеу кезінде заң бұзған мұғалімдер қалай жазаланады?
"Бұл жақсы идея еді": Тоқаев үкіметке шұғыл тапсырма берді
Загрузка...