Мекке, архивтегі сурет

Қазақстандық қажы Меккеде қиын жағдайға тап болды

5146
ҚМДБ мәліметінше, Меккеде 1 744 қажы медициналық көмекке жүгінген, мамандар мен дәрі-дәрмек жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстандық қажы Меккеде жол апатына ұшырады, дәрігерлер оған көмек көрсетті, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы.

"Бір адам жол апатына ұшырады. Ол дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер миына жеңіл-желпі зақым келгенін, дене жарақатын алғанын айтты. Қазір емделіп жатыр", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Биыл Қазақстаннан Меккеге 3 200 қажы аттанды. Оларға 21 медициналық маман қызмет көрсетіп жатыр. Осы уақыт ішінде 1 744 қажы дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп атап өтті діни басқарма.

"Биыл Мекке қаласында күн аптап ыстық. Әрі адам көп. Таулы өңір  болғандықтан, кей адамдардың қан қысымы көтеріледі. Кей қонақүйлер Қағбадан алыста орналасқан. Қажылар ұзақ жол жаяу жүруге мәжбүр, сол себепті денсаулықтары сыр береді. Мысалы, Мина жазығынан шайтанды таспен ұру рәсімі өтетін жерге дейінгі қашықтық – үш километр. Қарттарға оңай емес. Суық су ішкеннен көпшілігінің тамағы ісіп кеткен. Біз көмектесіп жатырмыз", - дейді дәрігер Біржан Досмайылов.

Тағы оқыңыз: Қажылық -2019: шарттары мен кезеңдері туралы толық ақпарат

Шамамен 1 150 қажыға тұмау тиген. Кей қазақстандықтардың іші ауырып, қимыл-қозғалысы қиындап, қан қысымы көтеріліпті. Бір адам соқырішек болып, ауруханаға түскен екен.

"Қазір қажылардың жағдайы қанағаттандырарлық. Мамандар мен дәрі-дәрмек жеткілікті", - деді дәрігер.

Айта кетсек, қажылық "қасиеттi жерге баруды ниет ету" дегендi бiлдiреді. Оның шарты бойынша ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Мәруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау керек.

5146
Кілт сөздер:
жол апаты, Мекке, қажылық
Тақырып бойынша
"Он түнді ұйқысыз өткіздім": кіші қажылыққа барған алматылықтың әңгімесі
Биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар қасиетті сапар үшін қанша төлейді?
Қажылық - 2019: виза алу тәртібі жеңілдеді
"Шариғат мұны қолдамайды": мүфтият қажылыққа барғысы келетіндерге кеңес берді
Қазақстан қажыларының алғашқы легі қажылыққа аттанады
Қазақстан қажылары жайғасқан қонақүйлерге тексеріс жүргізілді
Көк Жайлау

Көк Жайлауда сауық кешін ұйымдастырғандарға қатаң шаралар қолданылады

53
Қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізіп, кінәлі тұлғаларды жазалауды тапсырды

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде Көк Жайлауда өткен жаппай сауық кешіне қатысты түсініктеме берді.

"Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Қандай да бір шара өткізуден бұрын ол жерге кіруге де тыйым салынған. Ол жерде болған адамдар өздерінің ғана емес, жан-жағындағылардың да өмірін өлімге тікті. Сондай-ақ, олар тауда қоқыстарын қалдырып кетті. Ол шараға рұқсат берілмеген, санитарлық норма сақталмаған", - деді ол брифинг барысында. 

Сонымен қатар Қожағапанов Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын қаулысы бар екенін атап өтті.

"Аталған адамдарға қатысты қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізуге нақты тапсырма берді. Олардың барлығын анықтап, әкімшілік жаза, қажет болса, қылмыстық жаза қолдану керек", - деді ол.

Сонымен қатар қала прокуроры табиғатты қорғау прокурорына осы жағдайды шешу жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін экология министрлігі Алматыдағы Көк Жайлау тауында сауық кешін өткізгендерге 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл салынған ер адам автокөлік жанында түскен фотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Карантин кезінде Алматы тауларындағы сауық кеші

24 мамырда Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

 

О

53
Кілт сөздер:
карантин, "Көк Жайлау" курорты
Тақырып бойынша
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?
Ақылы жол

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

138
(Жаңартылды 21:05 25.05.2020)
Қонақүй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр —Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады. 

Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

"2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақүйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды", - деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.

25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.

138
Кілт сөздер:
карантин, курорт, маусым
Тақырып бойынша
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

24
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

24
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды