Оператор, архив

"Хабар" агенттігіне жаңа басшы келді

1096
(Жаңартылды 14:19 20.08.2019)
Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты "Хабар" агенттігіне жаңа басшы келді

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. "Хабар" агентігінің жаңа басшысы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды. 

"Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Бекқожин тағайындалды", - деп жазылған агенттіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенін басқарды.

 Генеральный директор ТРК президента Ерлан Бекхожин
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ерлан Бекқожин

Ерлан Бекқожин 1963 жылы дүниеге келген. Әр жылдары Қазақ радиосының "Панорама дня" жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші, Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары, "Хабар" агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі, "Жеті күн" ақпараттык бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, "МИР" МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры болды. Сонымен қатар "Айқын" және "Литер" республикалық газеттерінің негізін қалаушы-меншік иесі (2003-2009).

Ал 2009 жылы "Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры болып тағайындалды.

1096
Загрузка...