Қоғам

Тоқаев Қостанай облысының әкімін қабылдады

© Photo : Ақорда баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Архимед Мұхамбетов президентке астық жинау науқанына дайындық жөнінде баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз - Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда

Өңір басшысы президентке астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Жаңалықтар
0