Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты

1004
(Жаңартылды 14:32 22.08.2019)
Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен мұны "аванспен" айтылған мақтау деп қабылдадым. Мен бұл үмітті ақтауым керек. Ең бастысы, ел басшылығы мен халқымыздың маған артқан сенімі. Мен үшін басты басымдық – осы", - деді Көлгінов педагогтардың тамыз конференциясынан кейін.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы оны өңірдегі жұмысы үшін мақтады. Назарбаев "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген жастарды облыстарға әкім қылып жіберу практикасын жалғастыру қажет екенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: "Бұл тақырыпты жабайық": Назарбаев елді дүрліктірген мәселеге нүкте қойды

Айта кетсек, Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан бері Нұр-Сұлтан қаласын басқарады. Жас әкім "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда білім алып келген.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Орал қаласын, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Батыс Қазақстан облысын басқарды.

1004
Кілт сөздер:
Назарбаев, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
"Зейін қойып тыңдау керек": Елорда әкімі әріптестеріне ескерту жасады
Орындаушыдан бастық көп - Көлігіновтің неге көңілі толмады?
Мектепке дайындық: әкім 30 мың теңгеге не сатып алуға болатынын есептеп берді
Көлгінов: Көпбалалы аналармен біреулер ойнап отыр, сыртынан күледі
Нұр-Сұлтандағы оқыс оқиғадан кейін Көлгінов мәлімдеме жасады
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

96
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

96
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

47
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

47
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті