теңге

Сапарбаев жұртты мазалаған 5% зейнетақы жарнасына қатысты жауап берді

1178
Келесі жылдан бастап жұмыс беруші қарамағындағы қызметкері үшін өз қалтасынан 5% зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Үкімет жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мәселесін талқылау үшін жұмыс тобын құрады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сапарбаев соңғы уақытта БАҚ-та жұмыс берушілерді 5 процент зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеу мәселесі көп талқыланып жатқанын атап өтті. Айтуынша, жұмыс берушілерді зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеу заңы сонау 2015 жылы қабылданған. Алайда артынан кейінге қалдырылған.

"Бірақ бұл заң барлық органмен келісілген еді. Қазір қоғамда осы мәселеге қатысты көп талқылау жүріп жатыр. Жұмыс берушілерге, бизнеске салмақ салады дейтіндер бар. 5 проценттік жарна жұмысшының жалақысына ешқандай әсер етпейді. Оны жұмыс беруші өз табысынан төлейді", - деді ол Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет міндетті зейнетақы жарнасын аудару мәселесін бизнес өкілдерімен талқылауға дайын.

"Түрлі талқылауды ескеріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма берді. Қазір біз жұмыс тобын құрғалы отырмыз. Оның құрамына жұмыс берушілер, "Атамекен" ҰКП, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар және тағы басқалары кіреді", - деді вице-премьер.

Мәселені талқылап, нақты ұсыныстар енгізгеннен кейін, жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасына қатысты шешім қабылданады.

1178
Кілт сөздер:
зейнетақы, Бердібек Сапарбаев
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Қазақстанға да қатысты: Путин зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс туралы айтты
Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма – Ұлттық банк жауабы
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Павлодарда қайтыс болғандардың бірнеше ай бойы зейнетақы "алып келгені" анықталды
Онлайн калькулятор: болашақта қанша зейнетақы алатыныңызды білгіңіз келе ме?
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

806
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

806
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1696
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1696

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

0
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

0