Кішкентай қыз, иллюстративті сурет

Түркістан облысында ер адам 3 жасар қызын зорлап, аса қатыгездікпен өлтірді

1179
Сараптама күдіктінің дені сау және еш ауытқуы жоқ екенін растады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында 41 жастағы азаматқа қатысты іс қаралып жатыр. Ордабасы ауданының тұрғыны өзінің туған қызын зорлап, артынан пышақтап кеткен, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылы күзде Ордабасы ауданының Боржар округындағы жазғы жайылымда болған. Күдікті фермердің малын бағумен күн көрді. Отбасымен бірге сол жерде жайылымдағы шағын үйде тұрған.

6 қазанға қараған түні ішімдік ішіп алып  Серік Р. үйдің астан-кестенін шығарған. Ол алдымен 3 жасар қызын зорлап, артынан 20 рет пышақ сұғып өлтірген. Сөйтіп, түк болмағандай ұйқыға жатқан. Зәре-құты қашқан қыздың анасы ештеңе істей алмадым дейді. Ол бірден туыстарына хабарласып, құқық қорғаушыларды жіберуді сұрады. Сол түні келген полиция қаскөйді қамауға алды.

Тағы оқыңыз: Алматыда 12 жасар қызды анасының көңілдесі зорлап тастады

Тергеу кезінде қандықол қылмыскер екі рет арнайы медициналық-психиатриялық сараптамадан өтті. Оның есі дұрыс екеніне ешкім сенбейді. Алайда кешенді сараптама оның дені сау және ешқандай ауытқуы жоқ екенін растады. Өз әрекеті үшін жауап бере алады. Ал өзі қатты мас болдым, есімді білмедім деп ақталды.

Сот жабық режимде өтіп жатыр. Алайда оған қатысты екі қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. Іс қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлімі (жас баланы зорлау) және 99-бабының бірнеше бөлігі (дәрменсіз халде болған, кәмелетке толмаған адамды ерекше қатыгездікпен өлтіру) бойынша қарастырылып жатыр. Қаскөй 15 жылдан 20 жылға дейін, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

1179
Кілт сөздер:
қыз, ер адам, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
"Бес уақыт намаз оқитын": Алматы тұрғыны өгей қызын төрт жыл бойы зорлап келген
Батыс Қазақстан облысы тұрғыны 13 жасар баланы зорлап тастады
Пойызда жолаушы әйелді зорлау ісіне қатысты тың дерек шықты
Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген ер адам әйел зорлады
Загрузка...