Құжаттар салынған папка, архивтегі сурет

Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына қатысты екі іс қозғалды

78
Заң бұзушылықтарға жауапты тұлғаларға сөгіс және ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматыдағы Азаматтық авиация академиясының білім беру қызметімен айналысу лицензиясы тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік қызметкерлері Азаматтық авиация академиясында жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде жоғары оқу орнының білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінде заң бұзушылықтар анықталды.

Белгілі болғандай, академияда оқытушылардың сандық құрамына, ғалымдар үлесіне, ғылыми жетекшілерге қойылатын лицензиялау талаптары сақталмаған. Сондай-ақ, студенттермен кәсіби тәжірибе келісімшарттары жасалмаған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда белді университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

"Академияға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, әкімшілік істердің санкциялары білім беру қызметімен айналысу лицензиясының күшін 2 айға тоқтата отырып, 175 АЕК мөлшерінде (441 875 теңге) әкімшілік айыппұл салуды қарастырады", - делінген хабарламада.

Қаулы осы жылдың 28 тамызында заңды күшіне енеді.

Ал Азаматтық авиация академиясы оқу жылының басталуына дайын екенін хабарлады.

"Бұл шешім ағымдағы білім беру процесіне әсер етпейді. Талапкерлерді қабылдау аяқталды. Академия оқу жылының басталуына дайын, заң бұзушылықтарды жою процесі жүріп жатыр", - делінген академияның хабарламасында.

Заң бұзушылықтарға жауапты 7 лауазымды тұлға мен қызметкерге сөгіс және ескерту жарияланды. Бұған қоса, "Азаматтық авиация академиясы" АҚ директорлар кеңесі академия басшылығын ауыстыру туралы шешім қабылдап, жаңа ректор тағайындады.

78
Кілт сөздер:
сөгіс, лицензия
Банк картасы, иллюстративті фото

Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

21
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

"Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді", - деді Сәкен Сәрсенов.   

Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді 

Қазір "Қазпошта" қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін "Әлеуметтік карта" жобасы қолға алынған.

"Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз", - деп толықтырды "Қазпошта" басшысы.

Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.

"Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз", - деді Сәрсенов.

2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.

21
Кілт сөздер:
Қазпошта
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

32
(Жаңартылды 18:06 28.05.2020)
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

32
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Тақырып бойынша
Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

371
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

371
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті