Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі Сапарбаевтың жауабы

12264
(Жаңартылды 11:00 03.09.2019)
Қордағы ақша бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Зейнетақы қорындағы ақшаны алған кезде әр адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Шоттағы ақша өмірінің соңына дейін жете ме, оған да мән беру керек. Сондықтан қазір біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті есептеулер жүргізу керек", - деді ол үкімет кулуарында.

Сапарбаев БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болатынын атап өтті. Ол ең бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін.

Айтуынша, үкімет бұл мәселені ұлттық банкпен пысықтайды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Президент зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатынын айтты.

12264
Кілт сөздер:
сауап, Бердібек Сапарбаев, ақша, зейнетақы қоры
Тақырып:
Президент жолдауы - 2019 (25)
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма – Ұлттық банк жауабы
Сапарбаев зейнетақы неге бірден толық көлемде берілмейтінін түсіндірді
5%-тік зейнетақы жарнасы: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді
Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы
Загрузка...