Мұхтар Шаханов

"Тоқаевқа бәрін айтамын": Шаханов президентпен не үшін кездескісі келеді?

9846
Жазушы алдағы бір-екі күнде мемлекет басшысымен жолығуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов президентке барып, қоғамның өзекті проблемаларын жеткізбек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде жұрттың көпшілігі кітап оқымайды. Ертеден кешке дейін телеарна көреді. Ал телеарнада адам көрсе ұялатындай, мазмұны мен мағынасы жоқ әндер беріледі. Сөздерін де өздері жаза салған. Жуырда "Қатын" деген бір ән орындалды. Енді, атауының өзі ұят қой. Міне, осылайша, қазіргі кезде телеарна дегенді қолжаулыққа айналдырып алған. Кім ақшаны көп берсе, соны сағаттап көрсетеді", - деді Шаханов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, бұрын әндердің бәрін тексеріп отыратын. Арнайы шығармашылық алқа да болды. Олар қай әнді беруге болатынын шешкен.

"Қазір біз өте ыңғайсыз кезеңге тап болып отырмыз. Менің "Шындық кейде қалың арпа ішіндей бір бидай. Неге әділдік күресінде жұрттың көбі тымпибай? Ұлтсыздыққа, ұрықсыздыққа кім батылдық көрсетпесе қырғидай, Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!" деген өлеңім бар. Қазіргі кезде Ырбикүлдер мен Жырбибайлар қаптап кетті. Туфли жалау алға шығып кетті", - деді Шаханов.

Алдағы уақытта ақын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек. Сол кезде қоғамдағы барлық өзекті мәселені жеткіземін деп отыр.

Тағы оқыңыз: Сүлейменов Елбасымен құда болған жазушының жағдайы қалай өзгергенін айтты

"Мен осы бір-екі күнде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолығамын. Соған осының барлығын айтайын деп отырмын. Тағы да басқа үлкен проблемаларды айтамын. Негізі, Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ерекше бір адам. Ол кісінің әкесі – Кемел Тоқаев менің өлеңдерімді жатқа оқитын. Өте бір пайымды, парасатты адам еді", - деді Шаханов.

9846
Кілт сөздер:
президент, Мұхтар Шаханов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Шаханов намысыма тиді" Танымал адамдар кімге ренжіп жүргенін ашып айтты  
Мұхтар Шаханов: тіпті 2-3 ай пәтерақымды төлей алмай қалдым
Жүсіпбек Аймауытовтың жиені қызылордалық ақсақал 60 жыл құпия ұстаған сырын ақтарды
Тоқаев жазушылар форумында тың ұсыныс жасады
Тоқаев Азия елдерінің жазушыларын жинады
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

26
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

26
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

156
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

156
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды