Ақша, архивтегі фото

Қарағанды тұрғыны 21 мың теңгені аламын деп сотталып кетті

8101
1,6 миллион теңге жымқырған әкімдік қызметкері үш жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды әкімдігінің қызметкері көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаржыдан 1,6 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"25 шілдеде "Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі секторының бас маманы Ж. Смағұлова 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге өтінім берген кезде басқа анкеталық деректің орнына өзінің жеке деректемелерін көрсеткен және жәрдемақыны алып отырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр  Бигайдаров. 

Смағұлова барлығы 1,6 миллион теңге жымқырған, бұл қаражат әлеуметтік жағынан осал 10 отбасыға АӘК ретінде берілуі тиіс болған.  

Үкім сотталушының баласы 14 жасқа толғанға дейін 5 жылға кейінге шегерілгені хабарланды.

"АСП деген пәле болды": 21 мың теңге алған әйелдер не істерін білмей жылап отыр 

Айта кетсек, осы жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нен 70%-не дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері бұрын отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 теңге төленеді. 

8101
Кілт сөздер:
жәрдемақы, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Әр балаға – 21 мың: үкімет 70 мың отбасының өтінішін қайта қарайды
Үш қабатты коттеджі барлар да 21 мың алған: Сапарбаев шұғыл тапсырма берді
Сапарбаев: кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз
"Тізімі жасалды": Әкімдік 21 мың теңге алған отбасыларды сотқа беруі мүмкін
Загрузка...