Ақжарқын Тұрлыбай

"Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады

3365
(Жаңартылды 14:44 09.09.2019)
Есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы президентке хат жазды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқавтан көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қызым Ақжарқын Тұрлыбайға көмектесуді сұраймын. Ол "нигериялық қылмыстық топтың құрбаны болды" деген мәлімет бар. Соған сүйене отырып, қызымның жазықсыз екенін айтқым келеді. Сотта судья да қызымның кінәсі жоқ екенін айтып отыр. Ол азаматтардан да қызымды босатуды сұрадым", - деді Зухра Сейтімова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

3 қыркүйекте Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өткен еді. Осы отырысқа арнайы барған Зухра Сейтімова қызын көрген. 

"Қызыммен көп сөйлескен жоқпын. Ақжарқын тек "жағдайым жақсы" деді. Басқа ештеңе айтқан жоқ", - деді Ақжарқынның анасы. 

Қызының жазықсыз екеніне сенімді Зухра Сейтімова Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. 

"2014 жылдың наурызында Қазақстан азаматы, қызым Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда есірткі контранбандасымен шұғылданды деген күдікпен қамауға алынды. Бес жыл бойы қызымның үстінен тергеу жүріп жатыр. Әуелі өмір бақи түрмеде отыру жазасы кесілді, кейін ол үкімнің күші жойылды. Қылмыстық іс қайта қаралатын болды", - деген Сейтімова президентке жазған хатында. 

Ол Ақжарқынды қазақстандық және қытайлық адвокаттар тегін қорғап жүргенін әрі Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де көмектесіп жатқанын айтып, оларға алғыс білдірген.

Тағы оқыңыз: Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті

"Қызымның шетел аумағында жазасын өтеуі, тіл білудегі қиындықтар, аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуы бізге ауыр зардабын тигізді. 2015 жылы Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы қызым Ақжарқынды нигериялық қылмыстық топтың құрбаны деп мойындады, бүгінде қылмыскерлер ұсталған жоқ. Бірақ ҚР ішкі істер министрлігі тиісті шараларды қолға алмай отыр. Оның ішінде қызымды шетелдік қылмыстық топтың құрбаны ретінде мойындау да бар", - деген ол. 

Сейтімова Конституцияның 11-бабы 2-тармағы бойынша республика өзінің және ел аумағынан тысқары жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беретінін еске салып өтеді. 

"Құрметті президент! Сіздің дипломатиялық және халықаралық қатынастар саласындағы бай тәжірибеңіз бен Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарғаныңызды ескеретін болсақ, жағдайдың қиындығын жақсы түсінесіз. Осыған байланысты сізден қызым Ақжарқын Тұрлыбайды Отанына қайтару үшін тиісті шараларды қолға алуға жәрдемдесуіңізді сұраймын", - деген Сейтімова. 

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. Кейін сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайта қаралатын болды.

Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Екі сағаттан астам уақытқа созылған отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды. Үкімнің жарияланатын күні әзірше белгісіз.

3365
Кілт сөздер:
хат, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақжарқын Тұрлыбай
Тақырып:
Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры (22)
Тақырып бойынша
Адвокат Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі жағдайы туралы айтты
Министрлік Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
Қытайдағы Қазақстан елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтты
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Министрлік Қытайдан хабар күтіп отырғанын мәлімдеді
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

18
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

18
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

91
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

91
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды