Сауалнама

Сауалнамаға қатысып, 350 мың теңге алуға болады министрлік түсіндірді

1866
(Жаңартылды 18:47 09.09.2019)
Желіде сауалнамаға қатысып, қомақты ақша алуға болатыны туралы ақпарат тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі ақылы сауалнамаға байланысты түсініктеме берді.

Жексенбі күні желіде экономика министрлігінің "ақпараты" тарап кеткен болатын. Тұрғындарға сауалнамаға қатысып, 350 мың теңге алуға болатыны айтылған.

"Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Оның ұлттық экономика министрлігіне еш қатысы жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: "Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін": желіде Назарбаевтың сөзі тарады

Ұлттық экономика министрлігінің жұмысы туралы ресми ақпаратты ведомствоның сайтынан білуге болады.

Бұған дейін елдегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылық кеңес отырысында талқыланды. Қатысушылар елде жалған ақпарат таратуға қатысты шара қолдану мәселесіне назар аударды.

1866
Кілт сөздер:
ақша, министрлік, теңге, сауалнама
Тақырып бойынша
"Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін": желіде Назарбаевтың сөзі тарады
Қарағандыда жұртқа "таратылып" жатқан ақша бір отбасының берекесін қашырды
Сауалнама. Қазақтар басқа ұлт өкілімен отбасын құруға қалай қарайды?
"Бұл ақша әпкеңдікі ме еді?": Президент қателескен облыс әкімін қатаң сынады
Сауалнама: қартайғанда өкінбеу үшін не істеу керек?
Загрузка...