Азат Перуашев

Өз сөзіне жауап беруі керек - депутат қазақстандықтардың ашуына тиген әріптесі жайлы

1162
(Жаңартылды 15:29 11.09.2019)
Мәжіліс депутаты бұл жағдайды этикалық комиссия қарауы қажет деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Депутат Азат Перуашев вице-спикер Владимир Божконың сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, бұл мәселе бойынша арнайы этикалық комиссиямыз бар. Оны Қуаныш Сұлтанов басқарады. Сол комиссия қарау қажет. Екіншіден, меніңше, бұл сөз дұрыс емес. Әрине, мен ондай сөзбен келісе алмаймын", - деді Перуашев журналистерге берген сұқбатында.

Оның ойынша, этикалық комиссия қарамаса, депутат Божконы ұсынған ұйым қарауы тиіс.

"Бұл депутатты жіберген орган бар. Ол - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Өткенде министр Дәурен Абаев бұл кісінің сөзіне түсініктеме берген болатын. Басқаша көзқараста айтты деді. Бәлкім, басқа ойы болған шығар. Бірақ кім болса да, әркім өз сөзіне жауапты болуы керек",-деп пікір білдірді Перуашев.

Тағы оқыңыз: Дәурен Абаев: Владимир Божко - қазақ жерінің нағыз патриоты

Ал депутат Владимир Божконың өзі бүгін парламент мәжілісінің пленарлық отырысында көрінбеді.

Естеріңізге сала кетсек, мәжіліс вице-спикері "халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деген пікір айтқан болатын. Владимир Божконың бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.

1162
Кілт сөздер:
мәжіліс депутаты, Азат Перуашев
Архивтегі фото

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 миллион гектарға егіледі

2
(Жаңартылды 10:05 26.05.2020)
Министр дәнді дақылдар алқабы 14,9 миллион гектар болатынын атап өтті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 миллион гектар алқапқа егу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 9,6 миллион гектарға себілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 миллион гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп", - деді Омаров үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Министр Сұлтанов азық-түліктің неге қымбаттайтынын айтты 

Импорттың орнын басу үшін егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылып отыр.

Осылайша, биыл майлы дақылдар алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдары – 10 мың гектарға, бақша дақылдары – 1,5 мың гектарға, картоп – 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдар – 308,6 мың гектарға, қант қызылшасы 2,4 мың гектарға ұлғаяды.

Министрдің айтуынша, дәнді дақылдар алқабы 14,9 миллион гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.

Омаров көктемгі егіс науқанына да тоқталды.

"Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдары республиканың барлық аймағында егіліп жатыр. Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 9,6 миллион гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-не, майлы дақылдар 2,3 миллион гектарға (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға (85%), қант қызылшасы 20,5 мың гектарға (93%), мақта 118 мың гектарға (100%), көпжылдық шөптер 352 мың гектарға (100%) егілді", -деді ол.

Оңтүстік облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға тақау.

Министрдің айтуынша, синоптиктер мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп болжап отыр. Негізінен, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жауын-шашын түседі.

Осыған байланысты Омаров шаруаларға егіс науқанын уақытылы аяқтау үшін әрбір жаймашуақ күнді барынша жемісті пайдалануға кеңес берді.

2
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, егін
Тақырып бойынша
Оңтүстіктің қырыққабаты Беларуське экспорттала бастады
Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстықтан егіс алқаптарына зиян келді
Қазақстанда нан қымбаттай ма – министрлік мәлімдеме жасады
"Бұдан Құдай сақтасын": Қызылорда облысының жаңа әкімі Маминнен көмек сұрады
Назарбаев егін алқаптарын аралап көрген соң диқандарға не деді?
Зертхана. Архивтегі фото

Өткен тәулікте 438 адамнан коронавирус табылды

9
(Жаңартылды 09:50 26.05.2020)
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны тоғыз мыңға жуықтады. 4 515 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 438 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 5,1% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – 75 (3,4%),
  • Шымкент қаласы – 69 (11,3%),
  • Қарағанды облысы – 67 (11,3%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 56 (3,4%),
  • Жамбыл облысы – 51 (17,5%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 38 (9,2%),
  • Атырау облысы – 32 (3,6%),
  • Түркістан облысы – 17 (5,4%),
  • Алматы облысы – 12 (4,2%),
  • Қызылорда облысы – 8 (2,4%),
  • Қостанай облысы – 5 (4,1%),
  • Маңғыстау облысы – 5 (3,0%),
  • Ақтөбе облысы – 2 (0,7%),
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 8969. Індеттен 4 515 адам жазылып шығып, 35 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев 

 

9
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік