Тапанша, архивтегі сурет

Заңсыз аңшылық пен балық аулау қылмыс санатына жатқызылады Бас прокуратура

55
Орман шаруашылығы инспекторының өміріне қауіп төндіру құқық қорғау органы қызметкеріне шабуыл жасаумен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратура браконьерлікке қарсы заңнаманың қалай өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, браконьерлік қылмыстың барлық санаты бойынша заңсыз аң аулау қару-жарақтары, көлік пен мүлкін тәркілеу міндеті енгізіледі. Заңсыз аңшылық және балық аулау тәртіп бұзу қатарынан шығарылып, орта деңгейдегі қылмыс санатына жатқызылатын болады.

"Бұл дегеніміз, адам браконьерлікке шығып, Қызыл кітапқа енген аң-құстарды атпаса да, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі заңнамада 40 тәулікке дейін қамау шарасы ғана қарастырылған", - деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, жүйелі браконьерлік, ірі көлемде зиян келтірген аңшылық пен сирек аң-құстарды ату әрекеті ауыр қылмыс қатарына енгізіледі. Ондай қылмыстар үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болады.

Тағы оқыңыз: Браконьерлер шабуылынан тірі қалған қорықшы алғаш рет тілшілерге сұқбат берді

"Ал ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында браконьерлік жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Киіктерді ату жазасы бөлек қаралады. Орман шаруашылығы инспекторының өміріне қауіп төндіру құқық қорғау органдары қызметкеріне шабуыл жасаумен бірдей болады. Осының бәрі арнайы заң жобасында көрсетілген", - деді Ахметжанов.

55
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, түрме, браконьер
Тақырып бойынша
Полиция қарағандылық инспекторды кімдер өлтіргенін анықтады
Қасымов браконьерлердің қорықшыларға шабуылына қатысты мән-жайды баяндады
Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторды марапаттады
Ақмола облысында браконьерлер қорықшыны атып өлтірді
Тоқаев браконьерлердің жазасын күшейтуді тапсырды
Загрузка...