Ислам, архивтегі сурет

Бас мүфти Дариға Назарбаевадан көмек сұрады

2687
Серікбай қажы Ораз Нұр-Сұлтан қаласында "Хасеки" университетінің филиалы құрылып, онда теолог-магистранттар даярланатынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева 18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразбен кездесті.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы отырысына дайындық туралы айтты. Сенат төрағасы діни форумның маңызына тоқтала келіп, ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және оны нығайту қажеттігін атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Құрметтеуі қажет": Назарбаева Теңіздегі қақтығысқа пікір білдірді

Кездесу барысында имамдар тап болып отырған өзекті мәселелер – жалақының төмендігі, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау жайы да талқыланды. Бас мүфти биыл бір жарым мыңнан астам теолог даярланғанын, алайда олардың 800-і еңбекақының төмендігіне байланысты мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтты. Серікбай қажы Ораз осы мәселені шешуге жәрдемдесу туралы өтінішін жеткізді. Төраға бұл мәселе заң шығарушылар назарына ұсынылып, талқыға салынатын хабарлады.

Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласында "Хасеки" университетінің филиалы құрылып, онда теолог-магистранттар даярланатынын жеткізді. Дариға Назарбаева бұл шешімнің маңыздылығына назар аударды.

Тағы оқыңыз: Назарбаева: Отанымның гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын

Кездесу барысында Қазақстандағы діни мамандар тізілімі мен мұсылмандарды жерлеудің бірыңғай стандартын жасау, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ҚМДБ жұмысында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

2687
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева, Серікбай қажы Ораз
Тақырып бойынша
Армения президенті Дариға Назарбаеваның талантын айтып мақтады
"Жазаны қатаңдату керек": Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?
Назарбаева өзінің орынбасарын сайлады
Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
Загрузка...