Овощной салат

Қатерлі ісік пайда болады: дәрігерлер қандай тағамнан бас тарту керектігін айтты

6006
Австралиялық мамандар ішек үшін сиыр, бұзау, қой, шошқа еті аса қауіпті екенін айтып отыр. Ғалымдар етті барынша аз жеуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Австралиялық ғалымдар ішек рагының алдын алудың ең оңай жолдарын атады, деп хабарлайды "Известия".

Мамандардың айтуынша, ішектің қатерлі ісігінің пайда болу жағдайының 35 проценті адамның өмір салтымен тығыз байланысты. Әсіресе, қалай тамақтанатыны маңызды. Дәрігерлер жасұнығы көп диетаны ұстану керек екенін айтады. Ересектерге күніне кем дегенде 30 грамм жеу керек. Жасұнық кебекте көп болады. Дәрігерлер оны йогурт, смузилерге қосуға кеңес беріп отыр.

Сондай-ақ, күн сайын сүт өнімдері мен кофе ішкен де пайдалы. Майлы балықта болатын омега-3 май қышқылының пайдасы да дәлелденді.

Тағы оқыңыз: Мүлдем ішпеу керек: дәрігер адам үшін аса қауіпті сусынды атады

Ғалымдар етті өте аз жеу керек екенін ескертіп отыр. Ішек үшін, әсіресе,  сиыр, бұзау, қой, шошқа еті аса қауіпті. Оларды көп мөлшерде жеу ішек рагын тудыруы мүмкін. 

6006
Кілт сөздер:
зиянды тағамдар, дәрігерлер, қатерлі ісік
Тақырып бойынша
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Дәрігерлер кофенің күтпеген пайдасын анықтады
У ішкенмен бірдей: ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады
Шошқа ДНҚ-сы табылды: халал өнімін шығарушылар жұртты қалай алдап жүр?
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

138
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

138
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Архивтегі фото

Қазақстанда Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

1772
(Жаңартылды 10:45 08.08.2020)
Бір аптаның ішінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, қара өріктен үш рет Шығыс көбелегі, бір рет Комсток құрттары табылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Өзбекстан аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.  

Мұндай шешімге Өзбекстаннан келген қара өрік жемісінен карантиндік объектілердің жиі анықталуы себеп болды.

Сливы, иллюстративное фото
© Sputnik / Томас Тхайцук
Қара өрік

2020 жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, оның ішінде 3 жағдайда жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды 

Шектеу шаралары Қазақстан аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Шығыс жемісі қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% дейін зиян келтіруі мүмкін.

Кеміргіш құрт бұтақты кептіріп, жапырақтарды, өсімдік жемістерін сарғайтып жібереді. Жемістің сапасы нашарлай түседі.  

1772
Кілт сөздер:
Өзбекстан, жеміс-жидек
Тақырып бойынша
Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы
Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады
Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты
Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді
Қандай тағамдар өте қауіпті екені анықталды