Қоғам

ЕАЭО-да интернет-сауда ережесі ортақ болуы мүмкін 

© Photo : pixabay / fancycrave1Компьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Интернет-сауданы реттеу ЕАЭО елдерінде цифрландыруды дамытуға кедергі болмауы керек, деп санайды Никишина

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі интернет-сауда ережесі бөлек-бөлек болмауы керек, деп есептейді Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина.

Цифрлық саудада тиімді мемлекеттік реттеуді қалыптастыру маңызды, деп атап өтті ЕЭК алқасының мүшесі.    

"Қазір барлық мемлекет "сандық" реттеу саласында өздерінің ұлттық заңнамасын қалыптастыра бастады. Біз ұлттық реттеуші заңнама бір-бірімен үйлеспейтін жағдайға тап болуымыз мүмкін. Осылайша, бірыңғай цифрлық кеңістік болмайды. Бұл цифрлық сауданың барлық қатысушысына объективті проблемалар туғызады", - деді Никишина Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығындағы Мәскеу-Бішкек-Ереван-Кишинев-Нұр-Сұлтан бейнекөпірі форматындағы баспасөз конференциясында. 

Ол интернет-сауда арқылы келетін өнімдерге қауіпсіздік тұрғысынан ешқандай кепілдік берілмейтінін мәлімдеді. Екінші проблема – интернетте тауарларды жасырын түрде сату жиі кездеседі.

"Жабдықтау, төлемдер үшін жауапкершіліктің болмауы тұтынушыға проблема тудырады. Бұл да қалай да реттелуі керек. Үшінші мәселе – цифрлық сауда үшін әлі шешілмеген ҚҚС қайтару", - деп толықтырды ол.  

Сонымен қатар реттеу цифрландыруға кедергі болмауы керек, деді ол. ЕЭК аясында Жол картасы жасалды, деді спикер.

Бұған дейін Никишина ЕАЭК елдері электрондық коммерцияда халықаралық стандарды әзірлеу саласында белсенді ойыншылар болуы тиіс екенін атап өткен.

Жаңалықтар
0