Архивное фото актера Тунгышбая Жаманкулова

Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуіне қатысты ойын ашық айтты

13023
(Жаңартылды 18:12 17.09.2019)
Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов өміріндегі қиын жағдайда қасынан кім табылғанын, президентпен не туралы сөйлескенін, өзін қандай мәселелер толғандыратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Тұңғышбай Жаманқұлов президентпен не туралы сөйлескенін, өміріндегі қиын жағдайда жанынан кім табылғанын және Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуі туралы не ойлайтытын айтты. 

"Қарақатпен шай" бағдарламасында актер әрі режиссер Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші келіншекке үйленуіне қатысты ойын айтты. Ол белгілі әншіні кінәлаудан аулақпын деп отыр.

"Жүрекке әмір жүрмейді. Махаббат деген сезім қай күні келетінін де бір Алла біледі. Мен ол кісілердің қосылуын жүрек қалауы деп есептегім келеді. Жүректерінің бір тартылыс күші болды-ау деп есептегім келеді. Бірақ кімнің ішіне кім кіріп шыққан? Кіналағым келмейді. Жас мәселесін ойлағанда апырмай неге былай болды екен деген таңданыс болды", - дейді Жаманқұлов. 

Ол Нұрғали Нүсіпжановтың қай жағдайда да сабырлы екенін атап өтті. Ән салғаны да, өз-өзін ұстауы да мәдениетті деп отыр. 

"Нұрғали ағамыз тік жүріп, тік сөйлейтін, абайлап сөйлейтін, қадамын санап басатын адам. Бұл кісінің жеке тағдырын мен білмеймін. Бірінші жеңгеміздің қайтыс болғанын, бес қызы бар екенін де білмейді екенмін. Өзі сахнада ән айтқанда да, эмоцияға беріліп, есі шығып кетпей, өте мәдениетті айтады ғой. Ол кісіден мұндай шығады деп ойламағаным хақ", - деді актер. 

Тағы оқыңыз: Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен қалай танысты – видео

Тұңғышбай Жаманқұловтың жарымен жас айырмашылығы - 24 жас. Актер болашақ жарының ұстазы болған.

"Мен де өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Арамыз екі мүшел жас. Екі ұл, бір қызымыз бар", - дейді Жаманқұлов.

Жүргізушінің мұндай жағдай тағы да болуы мүмкін бе деген сұрағына: "Ол жағын нақты айта алмаймын" деп күлді.

Жаманқұлов өзінің президент қабылдауында болғанын және Тоқаевпен не туралы сөйлескенін де айтты. Актер Қазақстандағы театрлардың жағдайы туралы мақала жазған. Кейін президенттің көмекшілері хабарласып, қабылдауға шақырыпты.

Тунгышбай Жаманкулов доложил президенту о творческой деятельности театров
© Официальный сайт Президента РК /
Жаманқұлов Қазақстан президентіне өңірлердегі театрлардың шығармашылық жағдайы туралы баяндады

"Президент жолдауында өнер адамдарының жалақысы аз екенін айтып, келесі жылдан бастап көтеру керек деп үкіметке тапсырма берді. Кездесу кезінде жеке мәселе туралы көп айтылған жоқ. Осыдан 1-2 жыл бұрын менің басыма түскен жағдайлар жайында шет жағасын сұрады. Себеп-салдарын айтып беруге тырыстым", - дейді режиссер. 

Қиын жағдайда актерге жары мен шәкірттері қолдау көрсеткен.

"Ал әріптестерім жанымнан табылмады. Мүйізі қарағайдай ағаларым табылмады. Өкпем қара қазандай деп айта алмаймын. Оны қазіргі заманда арқалап жүру де оңай емес. Өкініш қана бар...", - деді актер.

Ол Жоғарғы сотқа арыз жазуды жоспарлап отыр.

13023
Кілт сөздер:
үйлену тойы, Нұрғали Нүсіпжанов, Тұңғышбай Жаманқұлов
Тақырып бойынша
Жаманқұловтың президенттен араша түсуді сұраған бейнеүндеуі
82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды - видео
"Еш өкінбеймін": Нұрғали Нүсіпжановтың сұқбаты
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
Жаманқұлов "Феникс" фильмінің қаражатын жымқырғанын мойындады
Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарды
Загрузка...