Көпбалалы әйелдер үкімет ғимаратынының жанына митингіге шықты

Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді: елорда әкімдігі митингілер туралы

228
Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз митингіге қатысушылардың баспана талап етуі толығымен заңсыз екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Елордада заңсыз митингіге шығатын көпбалалы аналар кезекке тұрмай, баспана талап етеді. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық даму басқармасының бастығы Талғат Рахманберді айтты.

Елорда әкімшілігінің өкілі наразылық білдірушілердің барлық талабы баспана бөлу мәселесіне келіп тірелетінін айтты. Адамдар елорда басшылығының қабылдауларында да өз талабын қойған.

Тағы оқыңыз: "АСП деген пәле болды". 21 мың теңге алған әйелдер не істерін білмей жылап отыр

"Көптеген әйел тіпті баспана алуға кезекке тұрмай жатып, тұрғын үй мәселесін шешуді талап етеді. Біз баспана қатаң түрде заң аясында берілетінін айтқымыз келеді. Заң бар, қолданыстағы нормалар бар. Бірінші негізгі талап – баспанаға мұқтаж ретінде кезекке тұру керек. Сондықтан пикеттерге, митингілерге шығып, баспана талап ету толығымен заңсыз", - деп хабарлады журналистерге басқарма басшысы.  

Талғат Рахманберді Қазақстан аумағында бейбіт митингілер, жиындар, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға сәйкес, акция өткізгісі келетіндер қала әкімдігіне өтініш беруі керек екенін еске салды.

Ал осы уақытқа дейін көпбалалы аналардан акция өткізу туралы бірде-бір өтініш түспеген.

228
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, елорда, баспана
Тақырып бойынша
"Өйтпесек болмайды, ағайын": Сапарбаев екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді
Қазақстандықтардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді
Астана тұрғыны 140 мың жалақымен 2%-тік ипотеканы қалай алғанын айтып берді
Қазақстанда көпбалалы аналарға арнайы квота бөлінеді
Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев

COVID-19: Ресейлік мамандар бүкіл Қазақстандағы дәрігерлерге кеңес беріп жатыр

3
(Жаңартылды 15:02 09.07.2020)
Көрші елдің дәрігерлері қазақстандық әріптестеріне КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне қатысты барлық ақпаратты ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев айтты.

"Екі күнде көп жұмыс атқарылды. Бірінші күні біз жағдаймен және ауруханалармен таныстық, бүгін әріптестеріміз төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Біздің ауруханаларға барып, жағдайы қиын науқастар бойынша кеңес беретін арнайы дәрігеріміз бар", - деді Гриднев.

Оқи отырыңыз: Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 2 миллион доллар бөлді 

Ол Одинцово облыстық ауруханасы анестезиология және реанимация орталығының басшысы Денис Цветковты мысал ретінде келтірді.

"Цветков – реаниматолог, ол бүкіл елдегі ауыр науқастарға бейнеконференция арқылы кеңес береді", - деп түсіндірді Олег Гриднев.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің басшылығы Ресей Федерациясындағы КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне үлкен қызығушылық танытып отыр – біз барлық ақпаратты ұсындық. Бауырлас қазақ халқына барынша көмектесуіміз керек", - деді Гриднев.

Ол сонымен қатар ресейлік дәрігерлер өңірлерге әзірге бармайтынын атап өтті.

"Өңірлерге келетін болсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың әу баста бригаданы аймақтарға жібергісі келді. Бірақ қазір ол біздің дәрігерлеріміз осында (Нұр-Сұлтанда) көмектескенін қалап отыр", - дейді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен бірге, Гриднев қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейінің жоғары екендігін атап өтті – "дәрігерлер жақсы, бірақ жетпей жатыр" деп атап өтті ол. Дегенмен ұйымдастыруға қатысты мәселелер де бар екенін жасырмады.

Бұған дейін Қазақстанға Ресейден 32 маман келгені хабарланған болатын, олардың арасында реабилитологтар, жұқпалы аурулар мамандары, пульмонологтар, эпидемиологтар бар.  

3
Кілт сөздер:
дәрігер, Ресей
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маңғыстауда дәрігер тапшылығы қалай шешілуде: әкім жағдайды түсіндірді
"Төсекке лақтырды": Көкшетау тұрғыны науқастың қалай қайтыс болғанын айтты
Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді
Үйде емделген 17 мың адам сауығып шықты
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

53
(Жаңартылды 14:18 09.07.2020)
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 инфекциясынан жақындары қайтыс болған қазақстандықтарға көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжатта.

Республикалық арналардан көрсетілген үндеуінде президент қазақстандықтарды бірлікке шақырды.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы отандастарды дәрі-дәрмекті жаппай сатып алмауға, коронавирус пандемиясы кезінде төзімділік танытуға үндеді. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жүйелі қателіктер жібергенін, ал өңір әкімдері баяу жұмыс істегенін мәлімдеді.

Аза тұту күні қай кезде жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

53
Кілт сөздер:
жарлық, аза тұту, коронавирус