Процент белгісі, архивтегі сурет

Банк басшысы 2%-тік ипотека алғысы келетіндерге аса маңызды үш кеңес берді

5234
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы айтқандай, пәтер таңдаған кезде оның ипотекасын төлеуге қанша жыл кететінін ескеру керек

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова 2 проценттік баспана кредитін алуға қатысты нақты үш кеңес берді. Бұл ипотека "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында беріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, алдымен баспана кезегін үнемі бақылап отыру қажет. Жолдаманы алғаннан кейін бірден банкке барған жөн. Бұл – бірінші кеңес.

"Екінші кеңесім, міндетті түрде кәсіпкерлікпен айналысып немесе еңбек етіп, аз да болса табыс табу қажет. Бүгінде бұл – басты мәселелердің бірі. Табыс болмағаннан кейін кредит берілмейді. Содан отбасылар шу шығарып, наразылықтарын білдіріп жатады", - деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысы нақты табысы жоқ отбасылар қомақты әлеуметтік көмекті алып отырғанын айтады. Соның есебінен кредитті жабамыз дейді. Алайда атаулы әлеуметтік көмек табыс болып саналмайды.

"Иә, бізде әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек табыс көзі ретінде саналмайды. Ондай отбасыларға баспана кредиті берілмейді. Мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті балаларға бөліп отыр. Ақшаны соларға жұмсау қажет. Ал әлеуметтік көмектің есебінен кредит жабуға жол берілмейді", - деп атап өтті Ибрагимова.

Тағы оқыңыз: Вице-министр баспана сұрап, бас көтеретін аналарға жауап берді

Банк отбасының табыс көлемін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған жарна бойынша анықтайды. Осыған байланысты Ибрагимова зейнетақы жарналарын үнемі аударып тұру керектігіне назар аударды.

"Ал үшінші кеңесім пәтер таңдауға байланысты. Үлкен пәтер таңдасаңыз, баспана кредитін 18 жыл төлей аласыз ба? Осыны ойлау қажет", - дейді ол.

Айта кетейік, 2 проценттік баспана кредиттерін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алуға болады. Ондай кредит көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалалы бар отбасыларға ғана беріледі. Осы бағдарлама аясында жыл сайын 5 мың отбасы баспаналы болады деген жоспар бар.

Банктің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін 2,5 мың отбасыға кредит беруге рұқсат берілді. Олар үш ай ішінде пәтер табуы керек. Баспананы тапқаннан кейін 2 проценттік кредит ресімделеді.

Тағы оқыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы: 2%-пен қалай баспана алуға болады - толық ақпарат

"Бүгінде 500 отбасы кредитті ресімдеп, өз үйлеріне кірді. Қалғандары пәтер іздеп жатыр. Енді табылмай қалса, іздеу мерзімін 6 айға дейін ұзартатын ойымыз бар. Бірақ бізге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру керек", - деп жауап берді Ибрагимова Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына.

5234
Кілт сөздер:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, ипотека
Тақырып бойынша
Астана тұрғыны 140 мың жалақымен 2%-тік ипотеканы қалай алғанын айтып берді
Жастарға баспана беру тәртібі жарияланды – бағдарлама талабы қандай
Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді: елорда әкімдігі митингілер туралы
Вице-министр көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

1
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

1
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

71
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

71
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды