Қазақтар, архивтегі сурет

Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео

16978
Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында президенттің телерадио кешеніне сұқбат берді.

Қытай бизнесменінің сұқбаты "Барыс пен айдаһар стратегиясы: өзара құрмет және мәңгілік серіктестік" атты деректі фильмге енген.

"Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден тамаша әсер алдым. Ол - мықты көшбасшы, адамды жігерлендіреді. Туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болдым. Кездесу керемет өтті", - дейді Джек Ма.

Ол Қазақстанда үш-төрт рет болғанын атап өтіп, қазақ елін не үшін жақсы көретінін айтты.

"Әр сапарымда маған бірнеше нәрсе қатты әсер етті. Мемлекеттің көркемдігі, ұлы тұлғалары, қаһармандары, сондай-ақ халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын көрікті жерлерді аралаймын. Елдеріңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін, жаңа достар тапқанды ұнатамын. Геннадий Головкин сынды қаһармандарыңыз бар! Сіздерде өте қонақжай адамдар тұрады", - дейді миллиардер.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға мемлекеттік сапармен барді. Президент сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізді, сондай-ақ Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездескен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қытай телеарнасына сұқбат берді: президент не туралы айтты?

16978
Кілт сөздер:
Джек Ма, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан, Қытай
Тақырып бойынша
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қытайдың Қазақстандағы басты мақсатын атады
Тоқаевтың көмекшісі президенттің Қытайға сапарының үш ерекшелігін атады
Джеки Чан қазақстандықтарға қандай кеңес берді - видео
Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр
Аз ба, көп пе: Тоқаев жарты жылда не тындырып үлгерді?
Дәрі-дәрмек

Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

720
(Жаңартылды 13:51 06.07.2020)
Мамандар қазақстандықтар дәріханадан жаппай сатып алып жатқан дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан міндетті түрде дәрігер тағайындауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты дене қызуын түсіретін дәрілер тапшылығы туындады.

Бұл мәселені шешуді президент денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тапсырды.

720
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Дәріханадағы кезек

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды

78
(Жаңартылды 13:16 06.07.2020)
Бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалап, 109 нөмірімен шағымдана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан. Президент үкімет мен құқық қорғау органдарына туындаған мәселені реттеуді тапсырған.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

78
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді
Астанада сарапшылар ЕАЭО аясындағы дәрі-дәрмек бағасын талқылайды
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз