Қоғам

Алматыда экс-депутат 10 жылға сотталды: адвокаттар үкімге шағым түсірді

© AFP 2024 / JAY DIRECTOТюремный охранник, архивное фото
Тюремный охранник, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дамирбек Асылбек уулу өткен жылдың ақпан айында ұсталған болатын. Оған тоғыз кеден бекетіндегі ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болды деген айып тағылды. Кейін Қырғызстанның экс-депутатының Қазақстан азаматы екені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі сотының сот алқасы Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулуның ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарастырады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейсенбі, 19 қыркүйек күні сот қылмыстық іс бойынша тергеуді қайта жүргізу туралы шешім қабылдады.

"Барлық сотталушының адвокаттары бірінші инстанциядағы сотта жауап алынбаған кейбір куәгерлерден жауап алуды сұрап отыр. Келесі отырыс 26 қыркүйек күні өтеді. Адвокаттар сот үкіміне шағым түсірді", - деді қалалық сотта.

Бұрынғы депутатқа қандай айып тағылды?

Бұл іс бойынша сот процесі 2018 жылдың 19 қазанында басталды. Сот алдында Дамирбек Асылбек уулумен бірге тағы 11 адам жауап берді. Оларға экономикалық контрабанда жасап, трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырды деген айып тағылды. Олар Қытайдан Қазақстан мен Ресейге тауарды заңсыз өткізумен айналысқан.

Жүктің жалпы кедендік құны 407 миллион 558 мың теңге (Ұлттық банк бағамы бойынша 1,1 миллион доллардан астам). ЕЭО бюджетіне 99 миллион теңге (261 мың доллар) көлеміндегі кедендік баж салығы мен міндетті төлемдер түспеген. Бұл аса ірі көлемдегі шығын деп танылды.

© Sputnik / Тимур БатыршинБұл іс бойынша сот процесі 2018 жылдың 19 қазанында басталды
Алматыда экс-депутат 10 жылға сотталды: адвокаттар үкімге шағым түсірді - Sputnik Қазақстан
Бұл іс бойынша сот процесі 2018 жылдың 19 қазанында басталды

ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Жогорку Кенештің экс-депутаты Дамирбек Асылбек уулу 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот алдында Дамирбек Асылбек уулу және тағы 11 адам жауап берді.

Судья үкімді аяғына дейін оқып үлгермеді. Сотталушылардың туыстары айғай-шу шығарып, орындарынан тұрып, судьяны жағадан алмақ болды. Ал сотталушылар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Судья бәрінің залды босатуын сұрады.

Жаңалықтар
0