Қанат Ислам

Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады

604
Боксшы сегіз баласы бар жалғызбасты көпбалалы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады. Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қанат Ислам астанадағы көпбалалы анаға баспана сыйлады. Пәтердің кілтін Гүлшат Баяділоваға жеңілмеген қазақ боксшысы өзі табыстады, деп хабарлайды "Ел-Несібе" қайырымдылық қоры" қоғамдық қоры.

Былғары қолғап шебері 5 шілдеде Алматыда өткен "Қанат Исламмен бокс кеші" атты шарадан жиналған қаржының бір бөлігіне көпбалалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.

Қанат Ислам
© Photo : "Ел-Несібе" қайырымдылық қорынан алынды
Гүлшат Баяділова осы уақытқа дейін балаларымен бірге жер үйдің аядай бір бөлмесінде тұрған

Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Баспана мектеп пен балабақшаға жақын орналасқан. Сондай-ақ, қажетті техника мен жиһазы да дайын.

Баяділова Гүлшат – жалғызбасты ана, "Күміс алқа" иегері. Сегіз  баланы өмірге әкелген. Үлкен баласы ер жетіп, отбасын құрған. Екінші баласы науқас. Қаржы тапшы болғандықтан, нақты диагнозы анықталмаған. Үшінші баласы колледж студенті, ал қалған бес баласы мектеп оқушылары. Осы уақытқа дейін бәрі жер үйдің аядай бір бөлмесінде тұрған.

Тағы оқыңыз: Алматыда Қанат Ислам қарсыласын 10 секундта есінен тандырды – видео

Көпбалалы ананың пәтерге төлейтін қаражаты болмаған. Сондықтан ол зәулім коттедждің отын жағып, күлін төгіп, аула тазалағаны үшін шағын бөлмеде тегін тұрған.

604
Кілт сөздер:
астаналық, Қанат Ислам
Тақырып бойынша
"Бұл Қытай құрамасына үлкен соққы болды" Қанат Ислам туралы не білеміз?
Қанат Ислам Назарбаевтың шешімі жайлы: дүние тоқтап қалғандай болды
"Біреуге баға беретіндей сен кімсің?" Қанат Ислам жастарға ақыл айтты
Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған
Қанат Ислам бос сөзі көп боксшыға айналып кеткен жоқ па?
Загрузка...