Шай, бауырсақ

"Күйеуінің талғамы мықты": қара нәсілді қыздың келін шайы жұртты таңғалдырды видео

5788
Желіде қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қара нәсілді қыздың қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуі мен оның туыстарына шай құйған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2019 (@ztb_video)

Instagram әлеуметтік желісіндегі ztb_video парақшасында қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды. Келіннің орысша түсінбейтіні айтылады. Видеодан келіннің қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуінің әкесіне шай берген сәтін көруге болады. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Тағы оқыңыз: Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

"Жақсы келін болатыны көрініп тұр. Әдемі екен. Күйеуінің талғамы жоғары болғаны ғой", - деп жазды желі қолданушысы.

Ал енді бірі: "Маңыздысы күйеуін сүйіп, оның ата-анасын сыйласын. Ал оның түр-түсі маңызды емес", - дейді. Алайда кейбір желі қолданушылары видеодағы оқиғаның шынымен болғанына сене алар емес.

5788
Кілт сөздер:
күйеу, видео, жұрт, келін, шай
Тақырып бойынша
"Не деген көргенсіздік!": Белгілі этнодизайнер бүгінгі тойдың кемшілігін атады
"Көрсетпей жылап аламын": Кенжебек Жанәбіловтің әйелі жан сырымен бөлісті
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
Ат тергеу дәстүрі туралы не білеміз?
"Қыздығын сатып..." Ғалым өзгенің тағдырын шоуға айналдырғандарды қатаң айыптады
Загрузка...