Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев атышулы оқиғаны бақылауға алды

2287
Алматыда ұсталған дәрігерлер Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда дәрігерлер Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаевтың ұсталуына қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина  қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеруді тапсырдым", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Айтуынша, бұл мәселе президент әкімшілігі, денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы әкімінің бақылауына алынды.

Алматыда ұсталған дәрігерлер

Жуырда Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамауға алынғаны белгілі болды. №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Дәрігерге Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылды.

Тезекбаевтың бас дәрігер қызметінен уақытша шеттетілгені хабарланды.

Сондай-ақ, сот санкциясымен №4 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиологы Асқар Тұңғышбаев та екі айға қамауға алынды. Ол да Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-тармағы бойынша айыпталып отыр.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Егер кінә дәлелденсе, үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Бұған дейін желіде Тезекбаевтың ұсталуы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімімен байланысты болуы мүмкін екені жазылған хат тараған еді. Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев биыл тамыздың басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына түскен болатын.

27 тамызда ол Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды.

2287
Кілт сөздер:
дәрігерлер, Алматы
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

715
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

715
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1587
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1587
базар, өрт, архив

Ақтауда базар өртенді видео

181
"Масат" базарындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

181
Кілт сөздер:
өрт, видео