Шекара бекеті, архивтегі сурет

Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады

9370
(Жаңартылды 12:26 27.09.2019)
1-3 қазан күндері Қазақстан–Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабық болады. Алайда әуе және теміржол қатынасы жабылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін үш күнге жауып тастайды. Ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1 қазанда Қытай халық республикасының құрылған күні аталып өтеді. Осы мемлекеттік мейрамға байланысты 1-3 қазан күндері Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері жабық болады. Бірақ әуе және теміржол қатынасы жабылмайды. Сондай-ақ "Қорғас" халықаралық орталығындағы өткізу бекеті де жұмыс істейді.  

ҚХР-дың құрылған күні – осы елдің негізгі мемлекеттік мейрамы. Мереке жыл сайын аталып өтеді. 1949 жылы Бейжің қаласындағы Тяньаньмэнь алаңында Қытай халық республикасының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бас кезінде осы мейрамда жыл сайын әскери шерулер ұйымдастырылды. Мәдени революцияның нәтижесінде мұндай шаралар тоқтатылған болатын. Дегенмен, 1984 жылы қайтадан қолға алынды. 2009 жылы өткен соңғы әскери шеруде Қытай әскери техниканың соңғы үлгілерін көрсетті.

Қытайда бұл мейрам кезінде бір апта бойы демалыс болады. Қала көшелерінде гүлден сан алуан композициялар жасалып, мерекелік шаралар мен от-шашу болады.

Тағы оқыңыз: "Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты

Айта кетейік, биыл Қытай осымен екінші рет шекара бекеттерін жауып отыр. Соңғы рет мұндай шара 1-5 мамыр аралығында болған еді. Ол кезде Көктем мен Еңбек мейрамы тойланды.

9370
Кілт сөздер:
шекара, Қытай, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Қазақстан бізге жақсы дос": Тоқаев Қытай заң шығарушы органының басшысымен кездесті
Қытай тарапы көрші елдерге қатысты ұстанымын жариялады
Тоқаев Қазақстан мен Қытай тарихында ортақ дүниелер бар екенін айтты
Қазақстан – Қытай жобалары
Бұл өтірік: вице-премьер қытай жобалары төңірегіндегі "сұмдықтар" туралы
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

62
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

62
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
Дәрігерлер

Ешкімге сенбеңіз: еріктілер денсаулық министріне бейнеүндеу жолдады

140
(Жаңартылды 20:40 11.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі еріктімен байланысқа шығып, медициналық ұйымдардарда халықтық бақылау жүргізетін болып уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ауруханалардағы науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерге көмектесетін қазақстандық еріктілер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға интернет арқылы ашық бейнеүндеу жолдады.

Видео ерікті Аида Букаеваның Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

Ол Қазақстанның ауруханаларында дәрі-дәрмек жеткіліксіздігін айтып, гуманитарлық көмектің тиісті орындарға жетпейтінін мәлімдейді.

"Құрметті денсаулық сақтау министрі, егер сізге дәрі-дәрмек жеткілікті деп барлық ауруханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін хабарлап жатса, мұның бәрі өтірік. Ешкімге сенбеңіз. Бізде бейне материалдар жеткілікті. Біз науқастардың туыстарынан сәлем-сауқаттарды қабылдап, оларды палаталарға жеткіземіз. Бізде көптеген бейнематериалдар бар және Қазақстанға қандай гуманитарлық көмек келетінін көрсетіп, адамдарды ашуландырмаңыз", - деді Аида Букаева.

Көмек тиісті орындарға жетпей жатқанын атап өткен автор министр тез арада оң шешім қабылдамаса, ауруханада түсірілген барлық бейне материалдарды жариялайтынын айтады. 

Сондай-ақ, ол дәріханалардағы кезек ауруханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеуінен пайда болғанын айтады. Науқастардың туыстары препараттарды өздері іздеп, кезекке тұруға мәжбүр. Ал мұндай әрекет адамдардың жаппай коронавирус жұқтыру қаупін тудырады.

Министрмен қандай келісім жасалды?

Өз кезегінде министр Алексей Цой видео авторымен байланысқа шыққанын айтып, Facebook-те жазба жариялады.

"Мен Аида Букаеваның Facebook-тегі үндеуін көрдім. Жазылушылардың бірі  оның байланыс телефонын берді. Қоңырау шалып, сөйлестік. Бірнеше айдан бері ол ауруханалардағы дәрігерлерге көмек беріп, науқастарға қамқорлық жасап, еден жуып, сусынын жеткізіп отыр. Біздің дәрігерлер ерлікпен тең әрекеттер жасауда. Олар оқиға ортасында бола отырып, жұмыста кездесетін проблемалардың шынайы көрінісін көреді", - деп жазды министр.

Ол өзіне көптеген қазақстандықтар халыққа объективті көріністі көрсетіп, емделуге қатысты қарапайым ұсыныстарды түсіндіріп және коронавируспен ауыратын науқастарға қайырымдылық көмек көрсетуді сұрап жүгінгенін атап өтті.

"Біз медициналық ұйымдардың ішкі жағдайына өз бетінше қадағалау жүргізуге дайын азаматтардан халықтық бақылау құруға келістік. Яғни, бұл шынайы көріністі нақты бағалау үшін керек. Мұнда көмек көрсету туралы ұсыныстар беріліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жайы, қызметкерлердің қорғалу деңгейі, олардың пациенттерге көмектесуі, басшылық құрамның ұжым мен пациенттерге назар аударуы бақыланады. Қажет болған жағдайда, әсіресе, жемқорлық сипаттағы препараттарды қайта сату жағдайларында қатаң шаралар қолданамыз", - деп толықтырды Цой.

Оқи отырыңыз: Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады

Сондай-ақ, министр еріктінің аталған бағытта бақылау жүргізуді құптап, тіпті аймақтарды да аралауға дайын екенін білдірген.

"Біз сондай-ақ өңірлерде осындай жұмысқа қатысуға дайын азаматтарды іздеудеміз. Қазірдің өзінде ұлттық еріктілер желісі осы жобаға қатысуға ниет білдірді. Оларға біз медициналық ұйымдарға қол жетімділікті қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, нәтижелер бойынша жағдайды жақсарту үшін нақты шешімдер қабылдаймыз", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл жобаға ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да қолдау көрсетуге уәде берген.

140
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау, еріктілер, емделу
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Хабар беруді өтінеміз": вице-премьер  қазақстандықтарға үндеу жасады
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Немереңізді ауыртып аласыз": Бердібек Сапарбаев тұрғындарға үндеу жасады
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады