Аружан Саин

Аружан Саин неге қазақша сөйлемейтінін айтты

10437
(Жаңартылды 13:57 27.09.2019)
Аружан Саин қазақша ауызекі сөйлесе алатынын, бірақ мамандығына қатысты терминдерді айтуға қиналатынын жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақ тілді журналистерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Аружан Саин өзінің алдағы жоспарын таныстырды. Жарты сағаттан астам уақыт сөйлеген уәкіл өз баяндамасын толығымен ресми тілде жасады. Осыдан кейін қазақ тілді журналистер оған ескерту жасап, мемлекеттік тілде сөйлеу керектігін жеткізді.  

"Менің қазақ тілім әлі онша жақсы емес. Специфика жағынан... терминдерді пайдаланғанда маған қиын. Сіздермен жай сөйлесе аламын. Бірақ біздің мәселелеріміз туралы әлі айта алмаймын. Әрине, күн сайын қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, жаттап, сөйлеуге тырысамын. Бірақ кешіріңіз...болашақта. Біріншіден, уақыт керек оған. Қазір уақыт жоқ", - деді Саин.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Саин барлық интернатты жабуды ұсынды. Оның айтуынша, кәсіби фостерлік отбасылар болса, балалар үйлерін толығымен жауып тастауға болады.

"Қазақстанға шамамен 350-500 фостерлік отбасы қажет. Себебі жыл сайын 1 500 бала ата-анасының асырауынсыз қалып жатады. Сонда бір фостерлік отбасы 3-5 баланы алса, қазіргі интернат мәселесін толығымен шешуге болады", - дейді Саин.

10437
Кілт сөздер:
қазақша, Аружан Сайын
Тақырып бойынша
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
Аружан Саин жарақаты салдарынан азап шегіп жүрген балаға көмектесуді сұрайды
Аружан Сайын жеті жасар баланың анасымен кездескенін айтты
Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады
Сұлулық салоны

Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

4
(Жаңартылды 17:36 28.05.2020)
Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

"Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет", – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

"Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары", – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.

4
Кілт сөздер:
коронавирус, шаштараз, сұлулық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Айдар, тұлым, кекіл: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің сыры неде?
Енді шаш алмайды: алматылық дәрігердің ісінен кейін министр шешім қабылдады
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

39
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

39
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

0
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

0
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік