Аружан Саин

Аружан Саин митингіге балаларды алып шығатын ата-аналарға үндеу жасады

75
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл митингіде арандатушылық болуы мүмкін екенін, балаларға қауіп төнетінін ескертті  

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өз балаларын митингіге алып шығатын ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Аружан Саин неге қазақша сөйлемейтінін айтты 

"Мен екі үндеу жасайын деп едім. Біріншіден, ата-аналарға айтарым, балаларыңызды ондай шараларға апармаңызшы, өтінемін. Қазір "барахолканың" өзіне баламен баруға қорқасың. Себебі ондай жерде адам көп. Ал митингіде жағдайдың қалай болатынын да білмейсің. Арандатушылық та болуы мүмкін. Сондықтан балаларды ондай жерге апармаған дұрыс", - деді Саин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Уәкіл екінші үндеуін полицияға жолдады. Оның ойынша, ана мен баланы қинап, ішкі істер органдарына апармауға да болады.

"Енді, айыппұлды поштамен де жіберуге, ал соттың шешімін сырттай шығаруға мүмкіндік бар. Ана мен баланы ішкі істер органдарына апармасақ та болады ғой. Жарайды, ана баласымен бірге митингіге барды дейік, айтатынын айтсын. Ал заңды бұзса, ол кісіні ұстамай-ақ бәрін жасауға болатын шығар", - дейді Саин.

Уәкіл елорданың көпіріне шыққан ананың әрекетін де еске алды. Оның айтуынша, кез келген мәселені заң аясында шешуге болады.

"Суицидке баратын ананың әрекеті балаларға да кері әсерін тигізеді. Экстрим жасаудың қажеті жоқ. Барлық ата-ананы өз мәселелерін заң аясында шешуге шақырамын", - дейді Саин.

75
Кілт сөздер:
балалар, митинг, арандатушылық, Аружан Сайын
Тақырып бойынша
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
Тоқаев Аружан Сайыннан балалар омбудсмені қызметінде не күтетінін айтты
Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады
Аружан Саин барлық балалар үйін жауып тастамақшы
Дәрігерлер, архивтегі сурет

Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы

349
(Жаңартылды 22:10 10.07.2020)
Бүгін Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"СК-Фармацияның" баспасөз қызметі компания гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы болып саналатынын жеткізді. Алайда қайырымдылық көмек тек компания арқылы жасалуы керек деген шарт жоқ. Қайырымдылық жасайтын адамдар оны өздігімен де жасай алады. 

"СК-Фармацияны" гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы ретінде белгілеудің негізгі мақсаты – медициналық препараттар мен бұйымдарды тарату және дер кезінде жеткізу. Ондайда дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың өзіндік талаптары болады. Ол үшін компанияда логистикалық желі бар. Бұдан бөлек, "СК-Фармацияның" құрылымдық бөлімшелері медициналық препараттарды кедендік рәсімдеу мен рұқсат құжаттарын алуға көмектеседі. Алайда бұның барлығы басқа адамдардың біреуге көмек көрсетуіне шектеу бола алмайды", - дейді мамандар. 

Айта кетсек, бүгін Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты. 2 тонна жүкті тұтас жеткізетін мүмкіндік болмаған. Осыған орай, айтыскер президенттен, денсаулық министрі мен қорғаныс министрінен көмек сұрады. Ол тыныс алу аппараттарын Қазақстанға жеткізгеннен кейін тарату жұмысын өздеріне тапсыруды сұрады. Себебі СК "Фармация" компаниясына сенім жоқ екенін айтты.

"Біз алған аппаратты Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр. Осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жіберсе, тұтас апаруға болады", -дейді Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Оның сөзіне қарағанда, Түркиядағы зауытпен екі аптада арзан бағаға 500 аппарат сатып алуға келісім жасалған. Оның ақшасын да жинауға мүмкіндік бар. 

Тыныс алу аппаратарына ақша жинауға көмектесіп жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлы да өз парақшасы арқылы бейнеүндеу жолдады. Оның айтуынша, 125 аппараттың ақшасы бір күнде жиналды. Ал вице-министр Людмила Бюрабекова ондай көмекті жеткізудің тәртібін түсіндірген.  

"Маған вице-министр Людмила Витальевна хабарласты. Ол маған елдегі заңды түсіндірді, яғни, заң аясында сол "СК-Фармация" қабылдайды екен немесе әрбір елдімекеннің әкімшілігімен біз келісімшартқа отыруымыз керек екен. Бұның барлығы уақыт алады, бюрократия. Бүгінде "СК-Фармация" халықтың сенімінен айырылып отыр. Біз 125 аппаратты 125 елдімекенге таратқанда 125 әкіммен келісімшарт жасасақ, уақыт жоғалтамыз", - дейді Төлеутайұлы.  

349
Кілт сөздер:
медицина, компания, желі, Айнұр Тұрсынбаева
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

392
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

392