Дариға Назарбаева

"Ғалымдардың өзі бас қатырып жүр": Назарбаева қазақ тіліне қатысты ойын айтты

2892
(Жаңартылды 14:46 27.09.2019)
Парламент сенаты спикері заң жобасын мемлекеттік тілде дайындау мәселесін талқылауға шығаруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева заң жобаларын дайындау барысында мемлекеттік тілді қолдануға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Проблема жоқ емес, бар. Алайда, шындығына келсек, бұл мәселеде ешкімді кінәлай алмайсың. Қазақтардың өзі қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр. Ғалымдарымыздың өзі бір-бірімен келісе алмай жүргенде, мұндай мәліметтермен күнделікті практикада жұмыс істейтіндерден не талап етуге болады? Солай ма? Мұндай проблема бар", - деді Назарбаева сенатта заң шығару жұмысын жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Сенат төрағасы бұл мәселені талқылауға  шығаруды ұсынды.

"Әзірге қандай форматта екенін білмеймін, әріптестер, сіздер өздеріңіз ұсыныңыздар. Алайда бұл мәселе бүгінде жіті талқылау мен нақты ұсыныстар енгізуді талап етеді. Бұл жерде үнемі жауаптан гөрі сауал көп. Өміріміз де осымен қызықты шығар. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біз барлығымыз халықтың өмірін жақсартуға мүдделіміз. Үкімет, парламент, сот жүйесі – барлығымыз бір міндетке жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды 

Бұған дейін сенатор Мұрат Бақтиярұлы заң жобаларын қазақ тілінде жазуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, атқарушы орган заң жобалары мен халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауға құлықсыз, атүсті қарайды.

2892
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева, заң, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар латын графикасымен алғаш рет диктант жазды
Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
"Қазақпен қазақша сөйлесетін уақыт келді": Мәди Манатбек орыс тілді шенеуніктерді сынады
"Баланың миын ашытпау керек": ғалымдар әліппені қайтаруға қатысты пікір айтты
Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Загрузка...