Режиссер Ақан Сатаев

"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады

921
(Жаңартылды 20:36 28.09.2019)
"Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілімге шықпай жатқанына көрермендер наразы болған еді, Ақан Сатаев көпшіліктің сұрағына жауап беруді жөн көрген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Режиссер Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілімге шықпай қалғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Күні кеше "Томирис" фильмі барлық кинотеатрдан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналистердің қойылған басты сұрағы - фильмнің қазақша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік!", - деп жазды режиссер өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Оның сөзіне қарағанда, фильмнің соңында шығатын актерлер мен түсіру тобының аты-жөні латын графикасымен жазылды. Бірақ осы титрлерде грамматикалық қателер табылды. Атап айтқанда, актерлердің аты-жөні дұрыс жазылмай қалды. Ал құқықтық тұрғыда ондай қателермен фильмді көрсетілімге жіберуге болмайды.

"Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз. Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайсыздар деп үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына байланысты өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз", - дейді Сатаев.

Фильм қалай түсірілді?

Осыдан үш күн бұрын астанада "Томирис" фильмінің тұсаукесері өткен болатын. Туынды 2,5 жыл түсірілді. Оған бюджеттен 2 миллиард 259 миллион теңге бөлінген.

Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, сценарий Геродоттың нұсқасы негізінде жазылды. Алайда Иранда оны мойындамайды екен.

"Түсіру алаңына бір уақытта 800-ге жуық адам шыққан күндер де болды. Ал шығармашылық топтың құрамы 400 адамға дейін барды. Үш төрт алаң болды. Олар – Қапшағай, Шонжа, Алматы және Бурабай. Бас кезінде Кир түсетін кадрларды Мароккода түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ қаражатты үнемдеуге шешім қабылданды. Сөйтіп, Қазақфильмнің түсіру алаңдарында декорацияларды өзіміз жасап, сол жерде түсірдік", - деді Сатаев арнайы баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: 79 жастағы халық әртісі нәрестелі болды

Оның ойынша, Томирис рөлін ойнаған Альмира Тұрсын кинода жаңа жұлдызға айналады.

"Альмира кино табалдырығын енді-енді аттап жатыр. Бірақ менің сенімін мол. Енді, біз киноны көрдік, білеміз. Ертеңнен бастап біздің киномызда жаңа жұлдыз пайда болады деп айта аламын ", - деген еді Сатаев.

Жаңа туындыны түсіруге шетелден мамандар тартылған жоқ. Барлығын отандық мамандар ойнап шықты. Фильмге еліміздің танымал кино жұлдыздары түскен. Олар – Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисенбин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпеков және тағы басқа актерлар.

Кирдің рөлін Ридли Скоттың "Царство небесное" фильмінде Саладин патшаны сомдаған Голливуд актері Гасан Масуд ойнап шықты. Кейіпкерлер көне түркі және көне парсы тілдерінде сөйлейді.

921
Кілт сөздер:
"Томирис" фильмі, Альмира Тұрсын, Ақан Сатаев
Тақырып бойынша
"Менен кешірім сұраған": Керменбаев Жанар Хамитова туралы жазба жариялады
Тоқаев Құрбан айт қарсаңында журналист пен қоғам белсендісіне кешірім берді
"Арам ойым болған жоқ": Айнұр Тұрсынбаева не үшін кешірім сұрағанын айтты
Кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын - министр Арыстағы жарылыс туралы
Бердімұхамедовтің "өлімі": саясаттанушы кешірім сұрады
Архивтегі фото

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

1769
Синоптиктер Жамбыл, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжады, сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында алты облыста дабылды ескерту жариялады.  

30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетеді деп болжанып отыр. 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

30 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 30 қыркүйекте түнде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады  

30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1769
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, үсік, ауа райы
Праймериз

700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

94
Қазіргі уақытта 11 249 адам партияның праймеризіне қатысуға өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат тіркеуден шығарылды, оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Оның айтуынша, праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекет үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылып жатыр.

"29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебатқа қатысудан бас тартқан. Төртеуі партия жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін шығарылса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды", – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта 11 249 адам өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді.

Әлденей барлық арыз-шағымға және заң бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады 

Nur Otan хатшысы қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда "Nur Otan" партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұрады. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Nur Otan праймеризі

1 қазаннан (00.00) және 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

Nur Otan праймеризі партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет жалпыреспубликалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

94
Тақырып бойынша
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс
Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды