Архивтегі фото

Білім министрі көпбалалы аналар квота алу үшін не істеу керектігін түсіндірді  

1524
(Жаңартылды 11:34 01.10.2019)
Аймағамбетов квота алу үшін көпбалалы аналар да ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, шекті балды жинауы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы аналарға квотамен грант беру бастамасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде білім беру гранттары таратылғанда мүгедектерге, я болмаса, жетім балаларға квота беріледі. Тура сондай квота көпбалалы аналарға да бөлінетін болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды 

"Мысалы, көпбалалы ана оқуға түсемін, грант аламын десе, құжаттарын тапсырады. Сол адамдарға арналған квота болады. Квотаның ішінде олар орынды жеңілдікпен алады. Бірақ оны алу үшін де ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру керек. Ол – бір. Екіншіден, шекті балды жинау керек. Сонда ғана квотаға тапсыруға болады. Дегенмен, квотаға тапсырған адамдар да өзара бәсекеге түсіп, грант үшін таласады", - деді Аймағамбетов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әзірше ондай квотаға үлкен сұраныс жоқ. Бұл дегеніміз, оқуға түсемін дейтін көпбалалы аналар аз. Осыған байланысты әзірше квотаның көлемін 1 процент деңгейінде (барлық мемлекеттік тапсырыстың есебінен – Sputnik Қазақстан) бекіту қарастырылып отыр.

"Енді, бүгінде бұл квотаға үлкен сұраныс жоқ. Бірақ көпбалалы аналармен кездескенде осындай ұсыныстар түскен. Жалпы, қазір көпбалалы аналарды жұмысқа тартуымыз керек, оларға білім беруіміз керек деп айтып жатырмыз ғой. Сондықтан осы тұрғыда көпбалалы аналар оқимыз десе, біз ондай мүмкіндік беруге дайынбыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетейік, мәжілісте "Педагог мәртебесі туралы" заңды таныстырғанда білім министрі халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квотаның бөлінетінін айтқан. Ондай жеңілдікке  көпбалалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа" мен "Күміс алқамен" марапатталған аналар ие болады.

Қазіргі кезде білім гранттарын таратқанда мүгедектерге, жетім балаларға, соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға және өзге елден келген қандастарымызға квота беріледі. Биыл көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға да қосымша 5 000 грант бөлінген болатын.

1524
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, квота, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда көпбалалы аналарға арнайы квота бөлінеді
Егер біз наразы топқа баспана берсек, ертең бәрі митингіге шығады – Абаев
"Ешкім бере алмайды": вице-министр баспана сұрап, бас көтеретін аналарға жауап берді
Аналармен жанжалдасқан әкім орынбасары енді не істейтінін айтты
Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді: елорда әкімдігі митингілер туралы
Вице-министр көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты

27
Ішкі істер министрлігінің басшысы қаза болған полицейлер үздік қызметкерлердің бірі болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік борышын атқару кезінде көз жұмған полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаза болған полицейлер екі айдан астам уақыт төтенше жағдай кезінде ерекше режимде жұмыс істеді. Олар күн сайын қызметке кірісе отырып, карантин шараларын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады", - деді министр.

Аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы қаласы патрульдік полиция полкінің инспекторы болып қызмет еткен. 19 жыл ішінде қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ведомстволық наградалармен марапатталған.

Тұрғымбаев Жанғазиев көптеген жас полицейге үлгі бола білгенін айтты. Марқұмның артында екі қызы мен жары қалды, жұбайының үшінші сәбиге аяғы ауыр.

Тағы оқыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Ал полиция сержанты Дастан Әбдіқанов төрт жыл ішінде өзін жауапты, ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білген.

"Болашаққа көп жоспар құратын. Ол азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бар күш-жігерін жұмсады", - деді ведомство басшысы.

Әбдіқанов былтыр шаңырақ көтерген, бір ай бұрын қызы дүниеге келді.

"Екеуі де үздік қызметкерлердің бірі болатын. Отаны үшін әлі де аянбай еңбек етер еді. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы туған-туыстарының қайғысына ортақтасады. Бұл біз үшін орны толмас қаза", - деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, трагедия бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші, алдымен, блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

27
Кілт сөздер:
полиция, Алматы, Ішкі істер министрлігі
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Жоспар өзгерді: Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылмайды

50
(Жаңартылды 14:13 25.05.2020)
Жедел штабтың өкілдері кезекті отырыста аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты шешімді күрт өзгертіп, тұрғындарды карантин талабына бей-жай қарамауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Жоспар бойынша 25 мамырдан бастап Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуы тиіс еді. Алайда өңірде індет жұқтыру жағдайының ушығуына байланысты аталған нысандар іске қосылған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Соңғы күндері аймақта коронавирус індетін жұқтырушылардың саны күрт көбеюіне байланысты (22 мамыр күні – 20 жағдай, 23 мамыр – 10 жағдай) 25 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдетілмейтін болды. Жамбыл облыстық жедел штабы осындай шешім қабылдады", – делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Өңірде өткен тәулік ішінде 33 адам коронавирус жұқтырған.

"Карантин талабы тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған. Сондықтан да азаматтарды тиісті шектеулер мен ескертулерге бей-жай қарамауға шақырамыз. 25 мамырға жоспарланған халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді", – делінген жедел штаб мәлімдемесінде.

Бүгінге дейін Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 292 адамға жетсе, оның ішінде 171 науқас жазылып шығып, бір адам көз жұмды.

Ал Қазақстан бойынша 8 531 адам індетке шалдығып, 4 352 адам ауруынан айықты. 35 науқас қайтыс болды.

50
Кілт сөздер:
эпидемия, халыққа қызмет көрсету орталығы, Жамбыл облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Димаш Құдайбергенов Ақтөбедегі ХҚКО-да паспортты қалай жасатты?
ХҚКО-дағы компьютерден порно көрген ер адам жұрттың ашуына тиді
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Қазақстанда 26 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 26 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 мамырға жоспарланған шаралар

9.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы; мал шаруашылығын дамыту. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимінде таратылады. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 58 64, 75 00 10 телефондары немесе премьер-министр баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

11.00 - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы. (БАҚ қатыспайды).

15:00 – Қазақстан баспасөз клубы "Экология кодексі: барлығы "қолдайды" және "қарсы" тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізеді. Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында тікелей  трансляция жасалады. Сұрақтарды 87017490200 ватсап нөміріне жіберуге немесе Facebook-тегі видеоның астына пікір ретінде қалдыруға болады.

Баспасөз конференциясының тақырыбы: Жаңа Экология кодексін әзірлеуге алғышарттар: Қазақстандағы экологиялық жағдай; жаңа Экология кодексін орта мерзімді перспективада іске асыру мүмкіндіктері мен болжалды нәтижелері; әлеуметтік-экономикалық салаға әсері: негізгі тәуекелдер мен болжамдар.  

Спикерлер: Ахметжан Пірімқұлов - Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Айгүл Соловьева – "Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы, Болат Ақшолақов - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және "Хабар 24" телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20.00 – "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев "Вальпургиев түні" бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0