зейнеткер

Жаңа министр 2020 жылдың қаңтарынан зейнетақы өсетінін айтты

41775
Республика бойынша қазір орташа зейнетақы 86 мың теңге, ал ең жоғары мөлшері 117 мың теңгеге дейін жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың бірінші қаңтарынан зейнетақы өсетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша орташа зейнетақының көлемі 86 мың теңгені құрап отыр. Ал ең жоғары мөлшері 117 мың теңгеге дейін жетеді.

"Өткен жылдың ортасында базалық зейнетақы әжептәуір өсті. Бүгінде ең төменгі зейнетақының мөлшері - 35 мың теңге. Базалық зейнетақымен бірге 54 мың теңге болып отыр. Бүгінде зейнетақы төлеу жағынан проблема жоқ. Төлемдер уақытында беріледі", - деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхабатында.

Оның сөзіне қарағанда, зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляциядан 2 процентке көтеріліп отырады.

"2020 жылы қаңтар айынан бастап біздің барлық зейнеткеріміз үшін зейнетақы төлемдері міндеті түрде өсетін болады. Төлемнің мөлшері инфляцияның орташа деңгейіне қарай есептеледі", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Айта кетейік, бүгін Халықаралық қарттар күні аясында министр Нұрымбетов 100 жасқа жеткен соғыс ардагері Александр Петровичтің үйінде болып, мерекемен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды

"Біз қашанда үлкенді сыйлай білген халықпыз ғой. Негізі, адамның үлкенге деген құрметі - тәрбиенің бір көрсеткіші. Сондықтан бүгін ардагерлер мен үлкен кісілердің алдында бас иемін. Олар – біздің "алтын қорымыз". Әсіресе, жастар үшін осы кісілердің өмірлік тәжірибесі, білімі мен патриоттық сезімі үлгі-өнеге", - дейді Нұрымбетов.

Қазақстанда 2 миллион 190 мың зейнеткер бар. Олардың ішінде соғыс ардагерлерінің қатары жыл сайын сиреп келеді. Қазіргі кезде республика бойынша 1270 соғыс ардагері тұрады. Бұдан бөлек, 22 мың адам осы санатқа теңестірілген.

41775
Кілт сөздер:
зейнетақы
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады – министрдің жауабы
Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма – Ұлттық банк жауабы
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Онлайн калькулятор: болашақта қанша зейнетақы алатыныңызды білгіңіз келе ме?
Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?
Сапарбаев жұртты мазалаған 5% зейнетақы жарнасына қатысты жауап берді
Зейнетақы - 2019: қазақстандықтар енді қанша алады
Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі – Сапарбаевтың жауабы
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

10
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

10
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

969
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

969
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы