Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин

"Білдей бастықсыз, білу керек қой": Генерал-майор Нығматулиннен сөз естіді

9125
(Жаңартылды 13:01 02.10.2019)
Нұрлан Нығматулин қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмаған қорғаныс министрінің орынбасарына шүйлікті  

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қорғаныс министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Тағы оқыңыз: "Бос сөзді қойыңдар". Нығматулин пікірін аяқасты өзгерткен вице-министрге шүйлікті

Сұрақ-жауап барысында депутат Асылбек Смағұлов қорғаныс министрлігінің өкілінен соғыс уақыты жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардан, азаматтардан алынатын автокөлік үшін ақы қалай төленетінін сұрады. Мәжілісмен қаралып отырған заң жобасынан бұл норманы көре алмаған.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер бас штабының бастығы Мұрат Бектанов көлік міндеттерінің ережелері әзірге жазылмағанын, алайда заң жобасы аясында әзірленетінін атап өтті.

Бұл жауапқа көңілі толмаған мәжіліс спикері одан қорғаныс министрлігінің бұған қатысты позициясын сұрады.

"Қазақстандағы барлық көлік біздің құжатта бар. Мобилизация жоспарына сәйкес, біз әскери қажеттілік үшін оларды мемлекет меншігіне аламыз", - деді Бектанов.

Осы орайда заң жобасы туралы баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Бектановтың жауабын толықтырды. Айтуынша, көліктерге қатысты ереже 2005 жылдан бері бар.

"Әскери жағдай кезінде тек көліктер ғана алынады. Көлік иелеріне өтемақы, жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын, 60 күн ішінде толық мөлшерде төленеді. Заң жобасында нақты тетік пен құзырет бекітілген, қазір қорғаныс министрлігімен бірлесіп әзірлеп жатырмыз", - деді Дәленов.

Нұрлан Нығматулин қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмаған қорғаныс министрінің орынбасарына шүйлікті.

"Қорғаныс министрлігі мүлде түк білмейді, сіздердегі тәртіпсіздіктің бәрі осыдан шығады. Позиция баяғыдан белгілі, бұл қолданыстағы ережелер, қазір тек заңмен рәсімделеді. Мұрат Кәрібайұлы, мұны білу керек қой. Сіз білдей бастықсыз. Оны білмесеңіз, ертең сіздің қол астыңызда істеген офицер қайдан біледі?", - деп ашуланды спикер.

Айта кетсек, заң жобасында мобилизация резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту жөніндегі функцияларды денсаулық сақтау министрлігіне беру ұсынылып отыр.

Құжатта мобилизация дайындығы саласындағы уәкілетті органға қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ тәуекелі жоғары объектілерге, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасының сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі құзыретті беретін нормалар бекітіледі.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

9125
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Нығматулин
Тақырып бойынша
"Жұмысты күшейтетініне сенімдімін": Назарбаев Нығматулинді мақтады
Мәжіліс спикері наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды
Мәжіліс төрағасы үкіметтің жұмысын сынға алды
"Тәртіп орнатыңыз": білім министрі Нығматулиннен сөз естіді
Нығматулин жұмысына жаңадан кіріскен Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

203
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

203
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады

159
(Жаңартылды 20:02 27.05.2020)
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі бірлесе Алматы және Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияның видеосын жариялады. Операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі қылмыстық топ әрекетінің жолын кесілді. 

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыс атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Екі топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталғандар бар, кейбірі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілерімен байланыста болған.

Топ қатысушыларының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қарудың 11 түрі , 200-ден артық оқ-дәрі алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

 

 

159
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, ҰҚК, арнайы операция
Тақырып бойынша
ҰҚК Ақмола облысында өткізілген операцияның видеосын жариялады
ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады
Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкері сотталып жатыр
ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

118
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

118
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр