Сәби, архивтегі сурет

Терісі салбырап қалған: жауапсыз ана баласын өлтіріп алды

2836
Сәбидің тоқ ішегі қабынып, ағзасы әбден әлсіреп қалған. Анасы баласын абайсызда өлтіріп алғаны үшін айыпталып отыр

АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Германияда Қазақстанның тумасы баласының ағзасын әбден әлсіреткен. Екі айлық сәбидің салмағы небәрі 2 823 грамм болған. Бұл оның туған кездегі салмағынан да аз. Салдарынан бала шетінеп кетті.

Қайғылы жағдай 2017 жылдың қараша айында болған. Тергеу екі жыл бойы жүргізілді. Әйелге баланы абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Abendblatt.de. Жауапсыз ана сот алдына келді.

Басылымның хабарлауынша, әйел Қазақстанның тумасы. Шетінеп кеткен сәбиден басқа тағы 6 баласы бар. Олардың жасы 4-11 жас аралығында. Сот медициналық сарапшылар сәбиді тоқ ішегі қабынып кеткенін анықтады. Олар қайғылы жағдайға қан айналымының дұрыс болмауы себеп болғанын айтады.

Тағы оқыңыз: Бір жасар сәби жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен: анасының қылмысы әшкере болды

Сарапшылар сот кезінде сәбидің қабырғасы шығып кеткенін, терісі салбырап қалғанын айтты. Алайда баланың мұндай күйіне ата-анасы еш уайымдамаған. Олар бірде-бір рет педиатрға бармапты.

Баланың әкесі – Марокко азаматы. Отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрған. Жергілікті билік оларға қолдау көрсетіп, жәрдемақы төлеп тұрған. Бірақ жетінші баланың туғанынан бейхабар болыпты.

Гамбург қаласы сотының прокуроры бұл оқиғаны "Абайсызда адам өлтіру " бабы бойынша қарастыруды сұрап отыр. Әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

2836
Кілт сөздер:
бала, ана
Тақырып бойынша
Екі ай бұрын көз жұмған қыз дүниеге дені сау сәби әкелді
Сәби екпеден көз жұмды: тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана қызметкері істі болды
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйел жауапқа тартылды
АҚШ-та бетінде "Бэтменнің маскасы" бар сәби дүниеге келді – видео
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1220
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1220
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

139
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

139
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы