Касым-Жомарт Токаев сделал заявление перед журналистами после оглашения предварительных итогов выборов президента Казахстана. Пресс-конференцият в Акорде

"Тағы да дәлелдеді": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

409
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Головкин кәсіпқой бокстың хас шебері екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

"Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға,Гена!", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) жекпе-жегі өтті.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раудта Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды.

Тағы оқыңыз:Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды

Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

409
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Деревянченко, Геннадий Головкин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...