Ақша, архивтегі сурет

Шпекбаев жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

311
Алматыда "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы цифрлық технологиялардың рөлі" атты аймақтық конференция өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Орта Азия аймағы мен Ресей елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары Алматыда бас қосты.

Отырыста Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев цифрлық технологияларды енгізудің маңызын және олардың сыбайлас жемқорлықты төмендетудегі рөлін атап өтті.

Жемқорлықпен күрес

Сонымен қатар отырыста Қазақстанның жемқорлықпен қалай күресіп жатқаны сөз болды. Мамандар дамыған елдердің тәжірибесін зерделеп, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын атап өтті. Бағдарлама 5 негізгі бағыттан тұрады.

Тағы оқыңыз: "Үздік" үштік: Қазақстанда парақорлық жайлаған облыстар анықталды

"Бұл бағыттар 17 бастаманы қамтиды. Оның шеңберінде министрліктер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар 120 шараны іске асырады. Яғни халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, республика бойынша балаларға арналған бір мың тегін IT-сыныптар ашылды. 686 мың адам цифрлық сауатын ашты. Ал 7,8 миллион адам e-government порталын және 765 мың адам электронды коммерциялық қызмет түрін пайдаланып үйренген", - делінген хабарламада.

Ашық бизнес

Конференцияға қатысқан сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты желісін іске асырмай оң экономикалық әсерге қол жеткізу мүмкін емес деген пікірде. Жиында салық-кедендік блок және бюджеттік бағыттағы бизнес-процестерді интеграциялау мәселесі талқыға салынды.

"2018 жылдың шілде айында венчурлік қаржыландыру туралы заң қабылданды, оның шеңберінде венчурлік инвестициялар бойынша нормалар айқындалды. Astana Hub-тың шетелдік қатысушылары үшін визалық және еңбек режимін оңайлатуға жағдай жасалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан 2018 жылы Біріккен ұлттар ұйымының рейтингісінде Азия елдерінің арасында электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша 8-ші орынды алды. Ал 193 мемлекет арасында  39-шы орынға тұрақтаған. Қазақстан электрондық қызметтер көрсету бойынша 25-ші орында тұр.

Ақпараттық технологиялар

Сонымен қатар конференцияда ақпараттық технологиялардың көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Олардың бірі – "Ашық бюджет интерактивті картасын" енгізу.

"Бұл ресурс ақпарат алуды жеңілдетуді көздейтін, азаматтардың мемлекетке сенім деңгейін арттыруға бағытталған ТМД кеңістігінде бірегей жоба болып саналады. Карта нақты уақыт режимінде тұрғындар үшін әр нысанға бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Осылайша, мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жиында халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қабылдаған шарасына жоғары баға берді.

311
Кілт сөздер:
жемқорлық, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ақорда миллиардтаған қаражаттың жымқырылғанын хабарлады
Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды  
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Қазақстанда кімдер мемлекеттік қызметке конкурстан тыс алынуы мүмкін?
Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы не үшін ұсталды - тың деректер
Бүлдіршін, тудың суреті

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

2336
(Жаңартылды 09:59 01.10.2020)
Күздің екінші айында халықаралық әуе рейстері қысқарып, карантин шаралары күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, ескі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда бірінші қазаннан бастап бірқатар өзгеріс күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық әуе рейстері қысқарады

Ел билігі қазан айынан бастап коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін карантинді күшейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 5 қазаннан басқа елдермен халықаралық әуе рейстері уақытша тоқтатылып, Түркияға рейстер қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі, сонымен қатар, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпауды ұсынды.  

Бұған қоса, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітіледі:

  • дене қызуын өлшеу;
  • сауалнама;
  • коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (берілгеніне 3 тәуліктен аспауы керек).

Анықтама болмаған жағдайда, азаматтар коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.

Сондай-ақ, мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттерінде карантиндік стационарлар мен тестілеу ұйымдастырылады.

Темекі сату қиындай түседі

Күздің екінші айынан бастап темекі өнімдерін сатудың жаңа талаптары күшіне енеді. Енді олар міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімінің кез келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-сканер қолданылады. Сканер қажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

Міндетті таңбалау нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, халықты контрафактілік өнімдерден қорғайды.

Ескі банкноталарды айырбастау тоқтайды

3 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноталарды айырбастау кезеңі аяқталады.

Оған дейін ескі банкноталарды ұлттық банктің барлық аумақтық филиалында айырбастауға болады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2006 жылғы үлгідегі банкноталарды кезең-кезеңмен айырбастау 2016 жылдың қарашасында басталған.

Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

Қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайды.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

ШОБ-қа арналған жеңілдік  

Президенттің тапсырмасына сәйкес, пандемиядан зардап шеккен бизнесті қолдау бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін еңбекақы төлеу қорынан бюджеттік емес қорларға аударымдардан босатылады.

Мәжіліс сайлауы  

Қазан айында парламент сайлауының датасы жариялануы мүмкін.

Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Заң бойынша Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің қазіргі шақырылымының өкілеттігі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Оңтүстік өңірлерге жылу беріледі

1 қазаннан бастап Ақтөбе мен Атырау облысында жылу беру маусымы басталады.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде 15 қазаннан бастап жылу беру жоспарланып отыр.

Қазір жылу беру маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталды.

2336
Кілт сөздер:
өзгерістер, 1 қазан
Сынама, коронавирус

Өткен тәулікте қай өңірде коронавирус жұқтырғандар көп анықталды

76
(Жаңартылды 09:10 01.10.2020)
Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 4
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 7
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107 979.

76
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды – Цой
Жылқы, архивтегі сурет

"Жүздеген жылқы қырылды": Қызылорда облысында тараған аурудың себебі анықталды 

14
(Жаңартылды 11:00 01.10.2020)
Тұрғындар бұл жағдайды ескеріп, мемлекет өтемақы беруі керек екенін айтты. Олар солтүстікте қырылған құстарға өтемақы беріледі дегенді алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының шаруалары жүздеген жылқының белгісіз аурудан қырылып жатқанын мәлімдеді.

Байкенже ауылының тұрғыны Қанетбек Кембайдың айтуынша, тамыз айынан бері 200 жылқы қырылды. Бірақ үй жануарының неден өліп жатқаны белгісіз, деп хабарлады "Еуразия" бірінші арнасы.

"Біздің мал өсірумен айналысқанымызға 50 жыл болды. Бірақ мұндайды бірінші рет көріп отырмыз. Жылқы он күндей ауырып, жем-шөп жемей қояды. Бір қызығы, айғыр ауру малды табынға жақындатпайды", - дейді Кембай. 

Осы ауылдың тағы бір тұрғыны Әбдіманап Әкімбек мемлекет тарапынан өтемақы берілуі керек деп санайды. 

"Солтүстік облыстарда қырылған құстың өтемақысын береді дейді. Бізге де осындай көмек берілсе, жақсы болар еді. Өйткені қырылған мал көп. Бір үйде 20-30 жылқыдан, ондай отбасылар аз емес", - деді Әкімбек. 

Ал ветеринарлық қызметтің мамандары жылқының қырылғанына адамдардың өздері кінәлі деп отыр. Мамандар үй жануарының өліміне себеп болған ауруды да анықтады. Ол – гастрофилез. Оны асқазанға түсетін бөгелек құрты қоздырады. Бұл жәндік далада жүрген жылқының ішіне тез түседі.

"Биыл күн ыстық болды, жаңбыр жауған жоқ. Ондайда малды күтіп ұстаудың өзіндік тәртібі бар. Мәселен, жылқыны күндіз емес, кешке қарай бағу қажет. Сосын дезинфекция жасап отырған жөн. Жылқыны тазалап, жуып тұру қажет. Сонда құрт-құмырсқа жабыспайды", - деп атап көрсетті Жаңақорған ауданының ветеринарлық станциясының директоры Марат Қазыбаев. 

Бүгінде гастрофилез ауруы Қызылорда облысының төрт ауданында тіркеліп отыр. Әкімдік жұмыс тобын құрып, соның аясында барлық мәселені талқылауды көздейді. Соның ішінде өтемақы төлеу жайы да бар.

 

14
Кілт сөздер:
ауру, жылқы, Қызылорда облысы
Тақырып бойынша
Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
"300 жылқы ұстадық": Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі 
Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео
Ақтауда жылқы жұрттың көз алдында есінен танып құлады
Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды