ҚР Бас прокуратурасы

"Түрмеде отыру керек": Тоқаев бас прокуратура мен министрлікке тапсырма берді

4927
Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиын өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық үлескерлердің мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев қазір елордада 49 проблемалық нысан барын, 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталғанын күтіп жүргенін атап өтті.

Қала әкімі Алтай Көлгінов кейбірінің жобалық-сметалық құжаттамасы дұрыс болмағанын алға тартты.

"Тұрғындарды сан соқтырған алаяқтардың көбі заң алдында жауап береді. Олар құжаттарын жоғалтып алған немесе бермей қойған. Осы уақыт бойы біз құжат дайындаумен айналыстық, қаржы институттарымен, екінші деңгейлі банктермен, орталық атқарушы органдармен жұмыс істедік", - деп жауап берді Көлгінов.

Осы орайда мемлекет басшысы қазір алаяқтар көбейіп кеткенін айтты.

Тағы оқыңыз: "Біртүрлі отыр": Тоқаевқа елорда әкімдігінің "креативі" ұнамай қалды

"Әсіресе, құрылысшылар арасында көбейді. Бас прокуратура мен ішкі ісер министрлігіне осы мәселемен нақты айналысуды тапсырамын. Алаяқтар түрмеде отыру керек. Себебі олар өз әрекеттерімен азаматтарымыздың құқын аяққа таптап жатыр. Біздің азаматтарды алдайды, далада қалдырады. Мұндай жағдайда мемлекет үнсіз қалмауы керек. Тиісті шара қабылдап, баяндаңдар", - деді Тоқаев.

4927
Кілт сөздер:
министрлік, ІІМ, Бас прокуратура, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді
"Үйінді астында қалуы мүмкін": депутат ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізді
"Ескерткіш орнатамыз": Нұр-Сұлтан әкімі Ақордада не талқыланғанын мәлімдеді
Қазақстандықтарға жеке үй салуға 40 мың жер учаскесі беріледі
Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды
Загрузка...