Нурсултан Назарбаев на совещании спикеров парламентов стран Евразии, архивное фото

"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды видео

40182
(Жаңартылды 09:23 09.10.2019)
Нұрсұлтан Назарбаев студент болмай тұрып институттағы тамыр-таныстықпен бетпе-бет келгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Елбасының баспасөз қызметі instagram-дағы парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады. Шағын видеода Қазақстанның тұңғыш президенті неліктен ұшқыш бола алмағанын әңгімелеп берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі 🇰🇿 (@elbasy_nazarbayev)

"Бұл медаль иегерлері де емтихан тапсыратын 1958 жыл еді. Мен сол кезде алғаш рет тамыр-таныстықпен бетпе-бет келдім, институтта. Алматыда ешқандай танысымыз болмады. Әкемнің менің ұлым оқуға түсіп жатыр еді деп айтатын ешкімі жоқ еді. Қолынан келген жалғыз мүмкіндік – қашарын сатты. 2300 рубль болды, осы ақшаны берді де: "Бар, оқы" деді. Мен конкурстан өте алмадым", - деп еске алды Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, бұл оның өміріндегі алғашқы соққы болды. Бұған дейін үнемі жолы болып жүрген.

"Олай болады деп ойламадым, өйткені барлық пәнді жетік білдім. Басқа біреу өту үшін, тіпті мен оның кім екенін де білемін, менің аяғымнан шалды. Ол қандай да бір бастықтың баласы еді", - дейді ол.

Болашақ президент бастапқыда құжаттарын химия факультетіне тапсырыпты. Сол жерде алғашқы пәннен емтиханға кіргенінде-ақ бір химиктің көзіне түседі.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер 

"Ол не оқытушы, не декан еді, есімде жоқ. Ол менің оқуға түсіп кетуімді қадағалады, өйткені химик болғалы жүр едім. Білімім терең екенін көрді. Ол маған қатты қынжылып тұрып: "сені осындай іс бойынша құлатады", - деді. Мен олай болуы мүмкін емес деп сенбедім. Содан сыртқа шығып, тізімді қарап, өзімді таппадым", - деп жалғастырды Елбасы.  

Жас талапкердің дәл сол жерде Киев азаматтық әуе флотының институтына қабылдау жүріп жатқаны жайлы хабарландыруды көзі шалып қалады.

"Құжаттарымды көрсетіп едім, бірден өздеріне тартты. Үйге қайтпасам болды. Әуежайға алып келді, сонда барлық медициналық тексерістен өттім. Денсаулығың жақсы деді. Киевке баруға өздері билет сатып алып берді", - дейді ол.  

Қоштасайын деп үйге келгенде, оның ұшқыш болатынын естіп, бүкіл ауыл жиналады.

"Анам көзіне жас алды. Бас тартпаймын деп едім: "сені қарғаймын" деді. Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес. Солай тәрбиелендік қой. "Саған жерде жұмыс жетпей жатыр ма деп кейіді. Жібермеді. Бірақ мен Шамалғанда бәрібір қалмайтынымды айттым", - деді Елбасы.

40182
Кілт сөздер:
видео, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
Дәрі-дәрмек, архивтегі фото

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қандай жаза қарастырылған?

10
Жеке тұлғалар үшін 70, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмекті заңсыз саудалауға қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, карантин кезінде медициналық препараттарға сұраныс күрт өскен. Содан табыс көргісі келетіндер де аз емес. Олар дәрілерді қымбат бағаға сатады. Сол үшін заңсыз кәсіпкерлікпен де айналысады. Алыпсатарлардың ішінде дәріхана қызметкерлері де, қарапайым азаматтар да бар.   

"Қазіргі таңда 17 оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы – "заңсыз кәсіпкерлік қызмет" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 30 факт негізінде тәртіп бұзушылар әкімшілік жазаға тартылып отыр", - деді Калайчиди бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқандар үшін жауапкершілік қарастырылған. 426-бапта жазасы жазылған.   

"Осы бапқа сәйкес, жеке тұлғалар үшін 70 айлық есептік көрсеткіш, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Дәрі-дәрмекті тәркілеу шарасы бар. Лицензиясын да кері қайтаруы мүмкін", - деп атап өтті Калайчиди.

Оқи отырыңыз: Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 

Айта кетейік, заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін 2 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тәркіленген дәрі-дәрмектің бәрі медициналық ұйымдарға таратылады.

10
Кілт сөздер:
карантин, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Алматыда парацетамол мен термометр тапшылығы мәселесі қалай шешілді?
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жазаланады 
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Денсаулық министрі алыпсатарлар қанша табыс тауып жатқанын айтты
дәрігерлер, короанвирус

Нұр-Сұлтанда медициналық академия түлектері дәрігерлерге көмектеседі 

53
Елордада қазір 3 500 дәрігер бар, сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр, бірақ бұл жеткіліксіз

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов маман тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бізде 3 500 дәрігер бар. Сонымен бірге, 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр. Әрине, бүгінде дәрігерлерге үлке салмақ түсуде. Осыған байланысты біз денсаулық сақтау министрлігімен арнайы жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес, оқу орындарының түлектері көмекке тартылатын болады", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, биыл астанада медициналық колледждерді 270 студент тәмамдады. Барлығы дипломын алып, арнайы дайындықтан өтті. Бүгінде жас мамандар дәрігерлерге көмектесуге кірісіп кетті.

"Сонымен бірге, осы 15 шілдеден бастап медициналық академияның түлектерін де жұмысқа жұмылдыратын боламыз. Оған сәйкес жоспарымыз бар, тиісті көмегін көрсетеміз", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қаладағы стационарлық орындардың басым бөлігі бос емес. Ал эпидемиологиялық жағдай нашарласа, жатақханаларда қосымша орындар ашылады.

"Қазіргі кезде қаладағы стационарларда 3 700 орын бар. Бірақ 80 проценті толып тұр. Егер эпидемиологиялық жағдай қиындап кетсе, жоғары оқу орындарының жатақханаларында қосымша 1 000 орын жасақталады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

53
Кілт сөздер:
дәрігерлер