Рабочий в лифте, архивное фото

Қазақстандағы апатты лифтерді ауыстыруға қанша теңге қажет екені белгілі болды

73
Қазақстанда барлығы 23 476 лифт бар, оның 22 998-і – жолаушыларға арналған. Қайырбек Өскенбаев оларды жөндеуге қанша қаражат керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда апатты жағдайда тұрған лифтерді ауыстыруға 40 миллиард теңге қажет. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында мәжіліс мақұлдаған "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Сұрақ-жауап барысында сенаторлар елдегі лифтілердің жай-күйіне назар аударды.

Өскенбаевтың ақпаратынша, қазір Қазақстанда барлығы 23 476 лифт бар, оның 22 998-і – жолаушыларға арналған. 4 400 лифт ауыстыруды қажет етсе, тағы 1 600-ін күрделі жөндеуден өткізу қажет.

"Бұл жұмыстардың құны шамамен 40 миллиард теңге", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде тележүргізуші лифт ішінде қаза болды

Айтуынша, лифтерді ауыстыруда елорданың тәжірибесі негізге алынған. Әкімдік апатты лифтіні өз қаражатына жөндеп, пайдалануға берген. Содан кейін тұрғындардың ай сайынғы коммуналдық төлеміне 2-3 мың теңге қосқан.

"Қазір біз лифтерді ауыстыру схемасын дайындап қойдық. Жол картасы түрінде әкімдіктерге ұсынамыз. Олар жыл сайын адам өміріне қауіп төндіретін лифтерді жөндеуі керек", - деді Өскенбаев.

Индустрия министрлігі лифт жұмысын реттейтін ережелер мен нормативтерді бірыңғай құжатқа жинақтаған. Онда лифтерді әкелу, оларды пайдалану мен кәдеге жарату қағидалары айқын жазылған.

73
Кілт сөздер:
теңге, лифт, Қазақстан
Тақырып бойынша
Шымкентте лифтіде әйелді қатыгездікпен өлтірді: қаскөй сот алдына келді
Тоғыз жасар қыз мінген лифт 19-қабаттан құлап кетті – видео
Күнделікті қолданылатын ең лас он зат анықталды
Жаңаөзенде 40 жыл бұрын салынған үйден тұрғындар қорқып қашып жатыр
"Тәлтіректеп әрең тұр" Алматыда лифтіде болған трагедияның мән-жайы анықталды
Загрузка...