Қазақстан президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

"Қайырымды іс": Тоқаев Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызды - фото

73
(Жаңартылды 16:16 12.10.2019)
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған республикалық акция бүкіл облыста өтті, оның аясында миллион ағаш отырғызылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысқан адамдармен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Казахстана принял участие в общегородском субботнике
Қазақстан президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

Сенбі күні еліміздің түкпір-түкпірінде миллион ағаш отырғызу бойынша республикалық акция бастау алды.

"Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шараға премьер-министр Асқар Мамин, үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек.

"Сонымен қатар биыл күзде "Экологиялық сағат" шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі", - деп жазылған ақорданың ресми сайтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Мәжіліс депутаттары да сенбілікке қатысып, 130 көшет отырғызды.

Сондай-ақ бұл игі акциядан Дариға Назарбаева бастаған сенат депутаттары да қалыс қалған жоқ.

#Birge #JasylQazaqstan акциясы туралы бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялаған болатын.​

73
Кілт сөздер:
фото, Нұр-Сұлтан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Өмірін тәуекелге тікті": Тоқаев ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Тоқаев шетелдіктерден неге ыңғайсызданып жүргенін айтты
"Түрмеде отыру керек": Тоқаев бас прокуратура мен министрлікке тапсырма берді
"Трагедияға айналдырудың қажеті жоқ": Тоқаев үкіметке өтініш жасады
Тоқаев екі заңға қол қойды
Тоқаев дамушы елдерден қаржы "қашып" жатқанын мәлімдеді
Загрузка...