Ақорда

Тоқаев білім министрлігіндегі жанжалдан кейін кадрлық ауыс-түйіс жасады

6773
(Жаңартылды 10:55 13.10.2019)
Арын Өрсариевтің орнына Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып істеген Қанат Сәрсембаев келді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ауысты. Президент Арын Өрсариевті қызметінен босатты, өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне Қанат Сәрсембаев тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "халықаралық құқық" мамандығы бойынша білім алған.

Білім министрлігіндегі жанжал

Министрлік қызметкері Анар Қайырбекова Орын Өрсариев пен басқа да әріптестері құжаттарға қол қою кезінде оған қысым жасағанын мәлімдеді. Айтуынша, серверлерді көшіруге 48 миллион теңге бөлінген, бірақ қызмет көрсетуші бұл жұмысты орындамаған.

Ал Өрсариевтің мәлімдеуінше, өткен жылдың желтоқсанында серверлік қондырғыларды көшіру және техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілген. Тиісті құжаттар бар, ден сендірді ол.

Министрлік қызметкерлер арасындағы даудың соңғы 4-5 айға созылып кеткенін хабарлады.

Осы аптада мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлі күнге дейін жас мамандарға арналған бағдарламаның жұмыс істемей тұрғанын айтып, министрлік шенеуніктерін сынға алған еді.

Өрсариевтің не себепті қызметінен кеткені айтылған жоқ.

6773
Кілт сөздер:
Білім және ғылым министрлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Автобуста күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел жанжал шығарды – видео
Білім министрі оқуды қызыл дипломмен бітірген мұғалімге жұмыс тауып берді
Білім министрі көпбалалы аналар квота алу үшін не істеу керектігін түсіндірді  
Қытай азаматтары Атырау әуежайында жанжал шығарды
Танымал актер мас күйінде ұшақта жанжал шығарды - видео
Загрузка...